Үңгір аллегориясы:қазіргі оқылуы
Автор: Assankan.n • Март 5, 2023 • Эссе • 682 Слов (3 Страниц) • 301 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы:« Үңгір аллегориясы:қазіргі оқылуы»
Орындаған:Асанхан Н.
1505-11
Қабылдаған:Бегдаулетова К.
Шымкент 2022
Аллегория-дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу,яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру.Аллегория көрерменнің не оқырманның санасына,қиялына ерекше әсер ететіндей,образ жасаудың бейнелеуіш құралы,көркемдік тәсіл.[1]
«Үңгір аллегориясы» — біздің дәуірімізге дейінгі 517 жылы жазылған грек ойшылы Платон республикасының әңгімесі. Бұл Платонның ең әйгілі әңгімесі болса керек, оның «Республика» еңбегінде алатын орны ерекше. Үңгір аллегориясы әділ және интеллектуалды рух пен әлемді түсінудің және оны сақтаудың қиындықтарын түсіндіру үшін қараңғыда шынжырланған тұтқындардың метафорасын пайдаланады. .[ 2]
Жалпы,Платон руханият саласын,яғни ғылыммен түсіндіруге болмайтын,ізгілік,адалдық,құндылық қасиеттеріне назар аударған.Бұл жерде «Үңгір аллегориясы» 4 бөліктен тұрады.Ең бірінші бөлігі-үңгірдің іші.Үңгірдегі көріністің бәрі алданыш,адамдар сол қабырғадағы өз көлеңкелеріне қарап өмір сүріп,жарық дүние осы екен деп ойлайды.Екінші бөлігінде-бір адам үңгірден босап шығады.Ол адам сыртқа шығып жан-жағына қараса көзі шағылысады.Неге?Себебі,ол үңгірде қараңғылықта өмір сүрген.Ол ең бірінші күнге емес балшыққа қарайды,қараса күн барлық жарық пен жылуын әсем табиғатқа жер бетіне төгіп тұр екен.Ол адам алғашында таңырқайды,тамсанады,күмілжейді.Міні тамсану мен таңырқаудан,
күдіктенуден философия басталады.Яғни үңгірдегі бір адамның санасы,ойы дами бастайды.Үшінші бөлігі- үңгірден босап шыққан адамның қараңғы қапаста отырған,жарық дүниені,әлемді түсінбеген,көрмеген жақындарына шындықты жеткізуімен басталады.Бірақ үңгірдегі санасы төмен адамдар,бұның сөзіне сенбейді.Неге?Себебі адам күніге естіп,көріп жүрген нәрсесіне ғана сеніп,естімеген нәрсесін өтірік деп қабылдайды,сенбейді.Ал төртінші бөлігі-үңгірдегі адамдардың санасын одан ары улайтын билікті ұстап тұрушылар жайлы.Олар үңгірден ары өмір сүре алмайсыңдар деп барлық қараңғы қапаста отқандардың санасын улай береді.
Көргеніміздей, үңгір туралы миф идеалистік философия үшін өте кең таралған идеялар тізбегін біріктіреді: адамдардың пікірлеріне тәуелсіз өмір сүретін шындықтың болуы, бізді одан алшақ ұстауға мәжбүр ететін үнемі алдаудың болуы. Шындық, және осы шындыққа қол жеткізуді білдіретін сапалы өзгеріс: белгілі болғаннан кейін шегіну болмайды. Бұл ингредиенттерді күн сайын қолдануға болады, бұқаралық ақпарат құралдары мен гегемонистік пікірлер біздің көзқарастарымызды және біздің ойлауымызды біз білмей қалыптастыратын тәсілге қатысты. Платон үңгірі туралы мифтің кезеңдері біздің қазіргі өмірімізге қалай сәйкес келетінін көрейік:
...