Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақ» этнонимінің лингвомәдени ерекшеліктері

Автор:   •  Май 2, 2022  •  Дипломная работа  •  14,473 Слов (58 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ» этнонимінің лингвомәдени ерекшеліктері»

 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған:                                                                     Асанова Д.М. 

                                                     

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор                                Смағұлова Г.Н.

                                          (атағы)                                     (қолы)

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №          ,         «         » _________ 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі __________________________   Саткенова Ж.Б.

                                          (қолы және мөрі)

Норма бақылаушы    ___________________________   Әміров Ә.Ж.

                                               (қолы)

Алматы, 2021 ж.

Реферат

Дипломдық жұмыстың көлемі: 51 бет, 9 кесте, 37 дереккөз.

Жұмыстың мақсаты: «Қазақ» этнонимін тіл мен мәдениет тоғысында қарастырып, лингвомәдени ерекшеліктерін саралау, оның теориялық негіздемелерін сипаттау және практикалық мәнін анықтау.

Жұмыстың объектісі: «Қазақ» этнонимінің лингвомәдени ерекшеліктерін қарастыру.

Жұмыстың пәні: Лингвомәдениеттану

        Қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы ерекше мәнге ие. Тіл тек қарым-қатынас пен ойлау құралы болып қана қоймай, мәдениеттің өміршеңдігін танытатын кумулятивті қызметі бар құрал болып есептеледі.

Диплом жұмысында «қазақ» этнонимінің лингвомәдени ерекшеліктерін қарастырамыз. Этноним – ұлтымыздың танымын, тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын берудегі қайталанбас тілдік бірлік. Ол филология мен тарихтан бөлек өзге ғылым салаларында да қарастырылады. Сол себепті ұлт атауын жан-жақты зерттеу қажет.

«Қазақ» этнонимін тіл мен мәдениет тоғысында зерттеу арқылы ұлт атауын жаңа қырынан тани аламыз.

Жұмыстың нәтижелері:

1) Зерттеу жұмысының теориялық негіздері анықталып, «қазақ» этнонимі лингвомәдениеттану ғылымының аясында зерттелді.

2) «Қазақ» этнонимінің шығу тегіне шолу жасалды. Хронологиялық кесте құрастырылып, этнонимнің өткен ғасырда қолданылған болжамды нұсқалары топтастырылды.

3) «Қазақ» этнониміне байланысты ең көп тараған тұжырымдамалар жинақталды. Оның ішінде аңызға негізделген пікірлер, лингвистикалық тұрғыдан жасалған пікірлер және тайпа атауына байланысты туындаған пікірлер зерттелді.

4) Қазақ жеріне келіп, зерттеу жүргізген саяхатшылардың еңбегіне шолу жасалды. Ұлт атауы тақырыптық классификацияға бөлініп қарастырылды.

5) «Қазақ» этнонимі лингвомәдени концепт ретінде зерттелді. Оның поэзиялық және прозалық сипатына талдау жасалды.

6) Мәдениетаралық қатысымдағы «қазақ» этнонимінің лингвомәдени ерекшеліктеріне зерттеу жүргізілді.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе        3

1 «ҚАЗАҚ» ЭТНОНИМІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ        5

1.1 «Қазақ» этнонимінің тарихы        5

1.2  «Қазақ» этнониміне байланысты тұжырымдама пікірлер............................9

1.3 «Қазақ» этнонимінің  тақырыптық классификациясы        11

2 «ҚАЗАҚ» ЭТНОНИМІ – ЛИНГВОМӘДЕНИ КОНЦЕПТ        15

2.1 «Қазақ»  лингвомәдени концептісін танытатын паремиялық қабаттың сипаты        15

2.2 «Қазақ» лингвомәдени концептісінің  поэтикалық сипаты        21

2.3 «Қазақ» лингвомәдени концептісінің прозалық сипаты        33

3 МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМДАҒЫ «ҚАЗАҚ» ЭТНОНИМІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ        39

3.1 Өзге ұлт өкілдерінің тілдік санасындағы  «қазақ» этнонимінің бейнеленуі        39

3.2 Мәдениетаралық қатысымда «қазақ» этнониміне байланысты пайда болған этностеротиптерге шолу        42

...

Скачать:   txt (200.2 Kb)   pdf (612.6 Kb)   docx (140.6 Kb)  
Продолжить читать еще 57 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club