Қазақ халқының ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері
Автор: korkemaaai • Декабрь 11, 2022 • Реферат • 295 Слов (2 Страниц) • 348 Просмотры
МОДУЛЬ 1. ФОЛЬКЛОРТАНУ ҒЫЛЫМЫ
Дәріс № 1
Тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
- «Халық ауыз әдебиеті» ғылымын жанрға бөліп зерттеген ғалымдар?
М. Әуезов халық ауыз әдебиетіне анықтама бере келіп, 4 топқа жіктеген болатын.
1. Сыршылдық салт өлеңдері;
2. Әңгімелі өлеңдер;
3. Айтыс-тақпақ;
4. Ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ.
М. Әуезов ауыз әдебиетіндегі бұл жіктеу түрін өзінің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» деген кітабында берген болатын.
А.Байтұрсынұлының жіктеуі мүлде бөлек болды, ол фольклор салаларын тек екі түрге бөліп қарап, сол түрлерінің ішінде тағы ішкі жанрлық түрлерге бөліп қарады. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» (1926) атты еңбегінде төмендегідей жіктейді:
1. Сауықтама;
2. Сарындама.
- «Полистадия» (көпқабаттылық) терминінің мағынасы.
Полистадия - ауыз әдебиетінде шындықты бейнелеудің өзгешелігі, көпқабаттылығы.
Орта деңгей:
- «Халық ауыз әдебиеті» туралы зерттеген қазақ ғалымдарын атаңыз.
Мәлік Ғабдуллин,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов,Ш.Уәлиханов,Б.Кенжебаев.
2. «Миссионер» деген кім? Мақсаты не?
Миссионерлер - діни сенімдерін насихаттау үшін діни ұйым жіберген адамдар, дінге сенбейтіндерді немесе басқа діндердің өкілдерін қабылдауға бағытталған діни ұйымдар қызметінің бір түрі.
...