Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы шығармашылық қабілетті жетілдіру жолдары

Автор:   •  Июнь 3, 2018  •  Доклад  •  1,151 Слов (5 Страниц)  •  1,632 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы шығармашылық қабілетті жетілдіру жолдары

Алтаева З.Ж.

Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия

 Қызылорда қаласы

Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру- мұғалімдер алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасымен, әдіс –тәсілдерін тиімді пайдалануды міндеттейді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –   жаңа технология негіздері болып табылады. Білім беру мекемелеріндегі оқыту жүйесінің де басты мақсаты- өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға адамгершілік тұрғыда өз бетінше  шешім таба алатын қабілетті «шығармашылық тұлға» қалыптастыру болып табылады. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде  бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге  оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді. Мектеп оқушысының бойында жасырын жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші  қасиеттерінің бірі – шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің  басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту. Осыған орай, мектеп оқушыларының  шығармашылық қабілеті тақырыптың көкейтестілігі бола алады.

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ.  Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, бар гүлді, көрнекі қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін - сол фантазия» деген болатын [1]. Олай болса, шәкірттің  шығармашылық ізденісі арқылы қабілетті арттыруда мұғалім өз фантазиясын шәкіртінің қиял –фантазиясымен ұштастыру қажет, яғни ғалым В. М. Монаховтың: «Педагогикалық технология  дегеніміз –оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан қолайлы жағдайлар жасай отырып,  оқыту үдерісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың, өткізудің  бүге-шүгесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі»,- деген пікірімен санасқан абзал [2].

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Бұл өзгерістер білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды. Мұғалім жоғарыда аталған сапаларды өз бойына жинақтай отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі қажет.  Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.  Әрбір ұстаз өзінің практиклық оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа технологияларды ұтымды пайдаланса,  оңтайлы ізденіс өз нәтижесін берері анық.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты [3]. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Оқушылардың  арасындағы білімге енжарлықты  қалай жеңеміз  немесе пәнге деген қызығушылықты қалай арттыра аламыз  деген сұрақтың жауабын толассыз өзгеріп жатқан ақпаратттар ағымын пайдалана отырып шешуге болады. Мысалы,  оқыту барысында ақпараттық технологияны  енгізу бағытында қолданылатын құрал – интербелсенді тақта. Бұл тақта  арқылы қажетті  суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік бар. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіріп, видеороликтер көрсетуге,  электронды оқулықтарды пайдалана отырып, топпен тығыз жұмыс жасау мүмкіндігіне, төменде көрсетілген нәтижелерге қол жеткізе аласыз:

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (130.5 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club