Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ поэзиясында азаттық, тәуелсіздік

Автор:   •  Январь 7, 2019  •  Статья  •  7,564 Слов (31 Страниц)  •  857 Просмотры

Страница 1 из 31

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТОВТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЫРЛАРЫ

                                                                                              Хасанова Дидар

                              Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

        Поэзия – сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Поэзия – көрікті қыздың жүзіндей ұялшақ, албырт қызғылт, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі. Әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғақ сымбатының мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры… Поэзия – қайраты қайнардай балғын жігіттің отты көзі, өрен ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ болған тойымсыз талабы… Поэзия – ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін әбден билеген, өмір үшін жетіккен, тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңескен көңіл көзі көреген, ойға батыл, майданға батыр ер қуаты. Бүкіл әлем, гүл. Бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір – поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар – поэзияның тетігі мен жаны.
Шетсіз де шексіз кең далада тыңдаушысы ашық аспан, толағай таулар мен жазира жайлау болған қазақ халқы әу бастан өлең мен жырды еншілеп өскен небір төкпе, суырып салма сұңғыла ақындар өз елін өнер құдіретімен тамсанта білген. Бауыры жазыла түскен бәйге атындай арқалы ақындар алқалы топта жыр төккенде, бойында қаны қызып, бала қырандай шаңқ етіп, сілкінбей қалған дала перзенті болмаған. Сол ақын халық, батыр халық елдің дәстүрінен нәр алып, оны қастерлеп, уақыт елегімен елеп-екшеп, барған сайын жаңарта, құлпырта беру болашақтың міндеті. Қазіргі қазақ поэзиясы өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отырып, жаңа дәуірге сай жаңа мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе, мұнда жыраулар әдебиеті мен зар заман әдебиетінің, асқарлы Абай дәстүрінің жалғасы болғанын атап өткен абзал. Дәстүрді жалғастыру мен жаңашылдыққа ден қою ой-сана тұтастығына, идеялық – көркемдік бірлікке алып келеді.        

        Қазақ поэзиясында азаттық, тәуелсіздік – тұрақты жырланып келе жатқан тақырып. Бұл тарапта әр дәуір ақындары тың ізденістер нәтижесіндегі түрлі жаңалықтармен әдеби дамуға үлес қосты. Ғұн аңыздарындағы, түркі жазба ескерткіштері мен  эпостық жырлардағы, одан бері жыраулар толғаулары мен ақындар өлеңдеріндегі азаттық идеясы, күрескерлік рух дәстүрлі түрде жалғасын тауып, бүгінгі поэзиямызда жаңаша қалыппен көрініс береді. Азаттық, еркіндік ұғымының өзіне  қасиет-кие дарытып бейнелеу басты сипатқа айналды.                                                                                  Азаттық жолындағы күрестің ұраншысы болған Махамбет мұрасының мәңгілік сипаты – ұлт мұратын, азаттық ұранын, тәуелсіздік талаптарын кең көлемде жырлап, ұлы халық пен ұлы даланың дауысын, тыныс-тірлігін жан-жақты көрсетіп, сол арқылы өлең-өнердің құдірет-киесін биік белеске көтеруінде деп білеміз. Азаттық, тәуелсіздік – ұлттық поэзияда дәстүрлі түрде жырланып, әр дәуірде қайталанбас тамаша поэзиялық үлгілерді туғызды. Ол туындылар халық рухының аңсары мен мұратын әйгілейді.                                Ұлт тағдыры мен тарихы поэзиядан астарлы ой, бейнелі тіркестер мен терең мәнді толғаныстар арқылы көрініп, ұлттық дүниетанымның мәнді де тылсымға толы мифтік қабатымен поэтикалық байланысқа түсті. Ойды жеткізу, идеяны айту жалаң баяндау мен  ұрандау арқылы емес, терең мәнді бейнелеулер арқылы жүзеге асты. Бұл бағытта мифопоэтикалық таным жетекші көркемдік тәсіл ретінде бірде тым күшейген қалыппен, енді бірде нәзік ишарамен поэзияның көркемдік құралына айналды. Яғни поэзияның мифопоэтикалық құрылымы өзіндік терең мәнмен, көркемдік астарымен ерекшеленеді.

...

Скачать:   txt (25.9 Kb)   pdf (195.9 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club