Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының Сыбайлас

Автор:   •  Апрель 10, 2023  •  Реферат  •  581 Слов (3 Страниц)  •  310 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық ағарту штабының мүшесі, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі мен, Мырзалы Айзада Көпжанқызы. Бүгінде сіздерге «Адалдық, әділдік, парасаттылық» тақырыбында баяндама оқитын боламын. Жалпы адалдық деген ананың сүтімен, әкенің қанымен келетін адамның жеке басына тән қасиеті. Адал ұғымы барлық нәрсеге қоса айтылады – мысалы,адал дос, адал жар, тағамның адалы, адал табыс дегендей. Адалдықтың мән-маңызы әр адамның болмысына, өмірлік принциптеріне байланысты деп есептеймін. Кез келген нәрсе адалдықтан бастау алады. Мәселен, өмірге, өнерге, махаббатқа адалдық секілді асыл ұғымдарды қамтиды». Сондай-ақ парасатты қоғам құру үшін санаға сілкініс керек, осы орайда қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін өзгерісті әр адам өзінен бастауы қажет, «қоғамға пайдаң тимесе де, зиян тигізбеу керек» дегенді алға тартып, әрбір азамат ақ-адал табыспен отбасын асыраса, осындай қарапайым құндылықтар әр отбасыдан басталса, елдікке жеткізеді деп сенім білдіремін. Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат» дейді. Қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған. Қазіргі қоғамда адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық сөзінен гөрі парасаттылық ұғымы туралы көбірек айтыла бастады. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді. Парасатты адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп шешім қабылдайды. Осыны ескерсек парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек екенін айтқым келеді.

Дамыған елдердің тәжірбиесін қолданатын болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күресуде бірінші адам бойында кездесетін парасаттылық, әділдік, адалдық секілді қасиеттерін дамытумен бірге тұрмыстық ортада қолдана отырып, адамның жүріс-тұрыс қасиетінің басты әрекетіне айналу қағидатын ұстанады. Сонымен қоса, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында облысымыздағы білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектептері», «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтары ашылып тұрақты түрде жұмыс істеуде. Сонымен бірге жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық қағидатын енгізу мақсатында оқушылардың қатысуымен дебаттық сайыстар, челлендждер, және тәрбиелік сабақтар ұйымдастырылып тұрады. Ақыл мен ой ми қызметінің ең жоғарғы сатысы болса, парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Еліміздің болашағын, яғни жастарын парасаттылыққа тәрбиелей отырып, еліміздің рухының асқақтауына үлес қосуға біріге жұмыс істеуіміз қажет. Қоғамда жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау басты міндеттердің бір екендігін айтқым келеді. Қоғамда заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша көңіл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті болып отыр.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (65.8 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club