Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазак тілі және әдебиет

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Реферат  •  1,068 Слов (5 Страниц)  •  290 Просмотры

Страница 1 из 5

ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 45 жылдығына орай жаңадан ашылған Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және университет ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев қатысты. Ғылыми зерттеу институтының директоры,  биология ғылымдарының докторы, профессор Қанаев Әшімхан Тоқасынұлы ағамызбен сұхбаттасудың сәті түсті.

[pic 1]

[pic 2]

        - Әшімхан Тоқтасынұлы, ашылып отырған биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының болашағы жайлы айтсаңыз?

         - Ғылым жалпы адамзат дамуының қозғаушы күші болып табылады. Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген ғылым адамзаттың хас жауы»  деген екен, сондықтан да ғылымның жетістігі барша адамзатқа пайдалы әрі қауіпсіз болуы керек. Университетіміз жоғарғы оқу орны болғандықтан бұл жерде білім де, ғылым да , өнер де бар. Олардың ұйымдастырылуының өзіндік мәні бар, атап айтсақ әртүрлі бағыттағы зерттеу нысандары бірігіп бір ортақ мәселені шешу үшін кластерге бірігеді. Соның шініде қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізіп, шаруашылық жүргізудің тиімді жолдарын ұсыну басты назарда. Қазіргі таңда біздің өңір аграрлық салада, нақтырақ айтсақ қант қызылшасын өсіруге маманданған. Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да ауылшаруашылығын дамыту көзделген. Осындай мақсаттар негізінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаевтың үстіміздегі жылдың 01 ақпандағы жарлығымен Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты құрылды. Әрине бұл бір күндік жұмыс емес, бірқатар  соңғы үлгідегі құрылғылар сатып алынды, олардың қатары әлі де молая түспек. Университет басшылығы бізге көмегін тигізіп материалды-техникалық базамызды жан-жақты қамтамасыздандырды.

         - Ғылыми-зерттеу институтының жұмысы және құрылымы туралы кеңірек тоқталсаңыз ...

         - Бүгінде институтымыз агробиотехнология  және биогеотехнология деп аталатын екі зертханалардан тұрады. Биогеотехнлогия зерханасының алдына қойған негізгі мақсаты тау-кен өндіру ісіне жаңа иновациялық биотехнологиялық тәсілдерді енгізу болса агробиотехнология зертханасы аграрлық шаруашылыққа жаңа биотехнологиялық өндіріс әдістемесін енгізу болып табылады. Осы зарханаларда жұмыс істейтін  тоғыз мамандарымыздың қатарында биология ғылымдарының докторлары, биология магистрлері кіші және аға ғылыми қызметкерлер бар. Атап айтатын болсақ, аға ғылыми кызметкер х.ғ.к., доцент, профессор м.а. Зылиха Қожамқұлқызы, РhD доктор, агробиотехнология зертханасының меңгерушісі Қарашолақова Ләззат Наушабайқызы. Биогеотехнология зертханасының меңгерушісі биология ғылымдарының магистрі Аманбаева Ұлбике Ыбраевна. Екі зертхананың аға ғылыми қызметкерлері Сатымбеков Рауан Көлбайұлы мен Тоқпаев Қуаныш Марсбекұлы. Кіші ғылыми қызметкерлер Асқарбекова Кенжегүл Бауыржанқызы, Жакупжанова Мадина Фархатқызы, Қамбарова Айгерім. Бұл мамандар Жетісу мемлекеттік университетінің түлектері.

Сонымен қатар биология және экология мамадығының магистранттары білім алып, магистрлік және бакалаврлар дипломдық зерттеу тәжрибелерін жүргізеді. Институтымыздың қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін кәсіби шыңдалуға алыс-жақын шет елдерге жіберіліп отырады. Соның нәтижесінде ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілтеттілігі артады. Атап айтатын болсақ агробиотехнология лабораториясының кіші ғылыми қызметкерлері Жакупжанова Мадина Фархатқызы және  Қамбарова Айгерім 10.09.2017 – 26.09.2017 аралығында, Словакия Республикасы Татранская Яворина өлкесіндегі Биік Таулы өлке биологиясы институтында ғылыми іс - тәжірибеден өтті.  

...

Скачать:   txt (15.8 Kb)   pdf (330.7 Kb)   docx (226.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club