Ғылыми ақпараттарды іздеу және жинақтау инстументтері
Автор: Клара Кемалатдинова • Ноябрь 28, 2021 • Эссе • 684 Слов (3 Страниц) • 965 Просмотры
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы; Ғылыми ақпараттарды іздеу және жинақтау инстументтері
Орындаған; Кемалатдинова Клара
Мамандығы; Қаржы
Тексерген: Толеугалиев Самал
Алматы,2021
Ғылыми ақпараттарды іздеу және жинақтау инстументтері
Ғылым мен интернет дамыған қазіргі заманда ақпараттарды іздеу мен оны жинақтау оңай, бірақ оның дұрыстығы мен сапасына ешкім кепілдік бермейді. Әсіресе, ғылыми ақпараттарды іздеген кезде, интернеттегі сан мыңдаған ақпараттар арасынан дұрысын таңдап оны жинақтау қиынның қиыны. Көпшілік оқырман интернетте жазылған барлық ақпаратқа сеніп өз жобаларынан немесе зерттеу жұмыстарынан қателіктерге ұрынып жатады. Әрине, мұндай қателіктердің болуы заңдылық себебі көп оқырмандар ғылыми ақпаратты қалай қандай жүйеден іздеу және жинақтау керектіге назар аудара бермейді.
Мысалы, ғылыми ақпараттарды іздеген кезде көпшілік Яндекс және Google іздеу жүйесіне сүйенеді. Бірақ көпшілік бұл іздеу жүйелерінің іздеу сапасына мән бере бермейді. Google қызметі нәтижелер мен жаңартулардың ауқымын Яндекс-ке қарағанда әлдеқайда жылдамырақ қамтиды(1). Осыған байланысты іздеуді бастамас үшін сілтемелер әрдайым тақырыппен қатаң байланысты болады. Бұл әсіресе қазіргі жаңалықтарға қатысты. Себебі қазіргі кезде ақпараттар секунд сайын жаңарып отырады. Осыған сәйкес ғылыми ақпаратты іздеген кезде қай іздеу жүйесінен іздесеңіз де, ақпартты жинайтын сайтқа мән берген жөн. Себебі, ақпаратты дұрыс жеткізбейтін сайттар жетерлік. Соның бірі оқушылар көп қолданатын Уикипедия ашық энсиклопедиясы. Бұл сайтты қазіргі кезде мектеп оқушылары көп қолданады, себебі сайт оқу бағдарламасының барлығын қамтиды және іздуші іздеген кезде бірінші Уикипедия сайты ашылады. Бұл сайт кез-келген мәліметті тауып беруі мүмкін дегенмен оның сапасына кепілдік жоқ. Сайт көбіне шет тілінде болғандықтан, сіз іздеген терминнің анықтамасын бұрмалап шығарыпберуі мүмкін. Сонымен қатар бұл сайт мақалалар қабылдайды. Қазірдің өзінде сайтта қазақ тілінде 229 221 мақала бар, бірақ мақалалар сапасына мән бермейді тек мақалалар көшірілмеген болса болды(2). Мәліметтерді іздеген кезде мейлі ол фактографикалық, мейлі статистикалық, мейлі мақала немесе жоба болсын оны арнайы ресми сайттардан іздеген жөн. Кез-келген ақпаратты іздеудің арнайы ресми сайттары бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының кез-келеген экономикалық көрсеткішінің статистикалық мәліметін іздесеңіз stat.gov.kz сайтынан таба аласыз. Ал, банктері жайлы мәлімет керек болса ұлттық банк сайтынан ала аласыз. Ғылыми мақала немесе жобаларды арнайы рейтингісі жоғары ақылы сайттар мен журналдардан алған жөн. Ғылыми мақалалар мен жобалардың ең сапалысы Скопус және Google академиясында. Бұл сайтта ғылымның кез-келген бағыты бойыншы мақалалар мен жобалар бар. Дегенмен мұндай сайттар жайлы кез келген оқырман біле бермейді. Сондықтан әрбір оқырман ақпаратқа бей жай қарамай әрбір ақпаратты саралап оқығаны жөн. Инетернет жүйелері әрдайым жалған жаңалықтарды жойып отырады, дегенмен өшірілмей қалған сайттар да болады.
...