Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" шығармасындағы Ұлпан бейнесі
Автор: aisha2375 • Июль 25, 2023 • Эссе • 419 Слов (2 Страниц) • 258 Просмотры
Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" шығармасындағы Ұлпан бейнесі
Менің Джокондам – Ұлпан
Ғ.Мүсірепов
Леонардо да Винчиге еліктеген сөз өнерінің майталман шебері - Ғабит Мүсірепов. Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай тер төгіп, еңбек еткен жазушы. Оның әңгімелері, хикаяттары, пьесалары, романдары әрі шет ел әдебиетінен қазақ тіліне аударған еңбектері көп. Қазақ әдебиетіндегі кеңестік дәуірдегі көрнекті қылқалам шебері Мүсірепов өз шығармаларында үнемі өмір шындығын айтады , қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихын да дәріптейді.
XIX ғасырдың басында қазақ жерінде әйел теңсіздігі мәселесі көп көтерілді. Осы өзекті мәселені Ғабит Мүсірепов өзінің джокондасы «Ұлпан» романында негізгі идея қылып жасаған. 70 тен асқан шағында Ғабит Мүсірепов 1974 жылы «Ұлпан» романын жарыққа шығарды. «Ұлпан» романы – қазақ әйелдерінің сол замандағы жарқын бейнесін ашық көрсететін, қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген көркем шығарма. Оның кейіпкерлері Ұлпан, Есеней, Мүсіреп шыныменде тарихта болған адамдар.
Қырық жыл бойы автордың ойында болған Ұлпан бейнесі – қазақ әдебиетінің үлкен табысы. Автор Ұлпан бейнесін жасау барысында оның дене бітімін, мінезін, жас кезін, ойын, сезімін ұштастыру арқылы оқырман көңілінен орын тапты.
Ұлпан - аналардың анасы, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері. Жастықтың жалынын ерте сөндіріп, өз тағдырына налыса да, Есеней елінің анасы бола алған Ұлпан ел қамын, ауылының бірлігін ойлаған батыр қыз. Есенейдің өзі «Менің Есенейім - Ұлпан» деп пір тұтқан. Автор Ұлпанның сұлулығын, өжеттілігін, адалдығын Есенейдің Ұлпанды ұнатуымен де бейнелеген. Ұлпан тек елінің қызы, күйеуінің асыл жары емес, аяулы ана. Есенейден қалған жалғыз қуанышы қызы Біжікеннің бейнесі де анасы секілді ақжарқын, ақкөңіл, ажарлы бала болған.Қызының өлімі де Ұлпанды біраз тағдырдың тәлкегіне салды. Ата-анасының тұңғышы әрі жалғызы болғандықтаң еркелеп өскен Ұлпанның бойында сезім байлығы, адамгершілігі, зеректілігі, парасаттылығынан бөлек қаһармандығы да көрініс тапты. Әсіресе Сибан жорығы кезінде ел анасы болып, елді бірлікке , елдікке шақырды. Шығарманың ерекшеліктерінің бірі - қазақ халқының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы. Жалпы романда қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, бала тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды көре аламыз.
...