Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шәкәрім шежіресін оқытудың маңызы

Автор:   •  Март 25, 2018  •  Эссе  •  905 Слов (4 Страниц)  •  1,253 Просмотры

Страница 1 из 4

Шәкәрім шежіресін оқытудың маңызы

Шәкәрім шежіресі қазақ халқының тарихын дұрыс баяндау және қазақтың түп атасын анықтап беру мақсатында қашан да тарихи мән-маңызы құнды мұра екені баршамызға аян.Сан ғасырлық тарихы бар талай тар жол,тайғақ кешуді бастан өткерген қазағымның қатпары мол тарих қойнауының қыр-сырын қазіргі жас ұрпақтың бірі білсе ,бірі білмей жатады.Бұл мәселені түзету де,түйінді шараларды қолдану да білім саласы қызметкерлерінің,мына біздердің басты міндетіміз деп білемін.Шежірені оқыту – жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеп,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім бағдарламасының жасақталуына әкеліп соғады. Сол үшін қазақ тарихын,шежіресін оқытуда  Шәкәрім мұрасын молынан қамту басты мәселе болып табылады.Шежірені оқытуда берілетін базалық білім мазмұны нақты ,тиімді,түсінікті болып белгілі бір жүйемен берілуі қажет.Ең бастысы,білім алуышының халқымыздың тарихына,шежіресіне деген қызығушылығын ояту,оның ғұмырнамалық мән-мағынасына терең бойлай білуіне мүмкіндік жасау,оқу үрдісінде нақты көздеген нәтижеге жетудің модульдік оқыту жүйесін жете пайдалана білу қажет.Шәкәрім шығармалары орта және жоғары оқу орындарында оқытылғанымен,шежіресін қазақ әдебиеті пәніне көмекші құрал ретінде қоса қолға алу мәселесі қарастырылған емес.

       Шәкәрім шежіресін оқытудағы басты бағдарымыз не?Әрине.өскелең ұрпақтың ұлтымыздың тарихын өміршең етуіне септігімізді тигізу,өткенін оқытып болашағына бағдар беру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңңгейдегі білім беру бағдарламасынан бөліп қарастыруға болмайды.Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес.Әрқайсысын бөле-жара қарамай,шежіренің әр тармағын тарамдап түсіндіруісміз қажет.Шежіре тарих болып жазылып, тарих болып қалып отыр бүгінде.Оны оқытудың жай-жапсары мен қыр-сыры сараптауды қажет етіп отыр.Себебі шежіре – ол өткеніміздің тарихы. . Шежірелерде дәстүрлі дәуір тудырған тарихи білім жүйесі, оның негізінде қазақ руларының қалыптасуы, елді мекендері, көш жолдары, ата-жұрты, есімі әйгілі тарихи тұлғалары, қожа, төре кірмелері, ру-туыстық байланыстары, өткерген тарихи оқиғалары, сондай-ақ аламан, барымта, жаугершілігі туралы көбірек баяндалады. Көшпелі қоғамда орын алған барлық әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани құбылыстарға қатысты тарихи оқиғалар, көбінесе дәстүрлі тарихи сана тұрғысынан, яғни ру, руаралық қатынастар тұрғысынан баяндалып түсіндіріледі. Шежіре өзінің ішкі мазмұны жағынан дәстүрлі тарихнама туындылары мен дәстүрлі тарихи деректеме құбылыстарының ерекшелік сипатын білдіретін болғандықтан, оның қыр-сырларын тануда әлеуметтік-мәдени төлтума феномендерді зерттеулерге қолайлы методологиялық ұстанымдарды қолдана отырып, соған лайық теориялық концепция тұрғысынан келу дұрыс.(1)Туындымыздың өн бойында «жеті атасын білген ер — жеті елдің қамын жер» деген сөздің мәнін ұғына білетін ұрпаққа мағлұмат берер мәлімдемелер тұнып тұр. Ал,осы мағлұматты беруде қандай әдіс-тәсіл пайдаланған жөн?Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру басқармасынан бөліп қарастыруға болмайды.(2)Демек,шежірені оқыту барысында да инноовациялық әдістердің келтірер пайдасы орасан зор болмақ.Себебі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»дегенді алға бастауымыз қажет. Ал,инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
-білім беру мазмұнын жаңарту;
оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
-  жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-    білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-    жалпы компьютерлік сауаттылық;
-    оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы сынды артықшылықтарды қамти аламыз деген ойдамын. (3)    Халқымыздың көзінің қарашығындай  сақтап келген   шежіресін оқыту арнайы орта буын сынптарына тәжірибелік жұмыстар жасалынуда. Бқл жұмыс барысында алдымен ,алынған сынып оқушыларына  сауалнамалар,тест тапсырмалары беріліп олардың шежіре жайындағы түсініктері мен білім деңгейлері анықталды. Қазіргі таңда сынып оқушыларымен олардың өтіліп отырған деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында инновациялық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларында жұмыс жасауға мүмкіндік туылып отыр.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда жаңаша көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамын.  қушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде  «Ассоциация» , «Сұраққа жетіп ал», «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі», ««Бэкроним» әдісі», «SWOT - талдау» және жаңа тақырыпты бекіту мақсатында я болмаса үй тапсырмасын сұрау барысында  «Бір минуттық әңгіме» тәсілі  арқылы  сабақ қорытындысын айтып,бекіте алады. 

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (133.5 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club