«Шабыт» әдебиет үйірмесі 2021-2022 ж
Автор: toleeuovaa1 • Апрель 15, 2023 • Реферат • 2,183 Слов (9 Страниц) • 377 Просмотры
[pic 1]
Мәлік Ғабдуллин атындағы
«Шабыт» әдебиет үйірмесі
2021-2022ж.
Шабытқа сәтті қадам!
Ұлттың рухани бет-пердесі, айнасы оның әдебиетінен айқын көрінеді. Әдебиет әлемі – тұңғиығы терең, сыршыл әлем. Қазақ әдебиеті өзінің тас бұлақтай қайнарларымен талай ұрпақты сусындатқан киелі әдебиет. Өзінің құнарлы топырағынан нәр алған игі дәстүрлерін ары қарай жалғастырып, түлетіп, бүгінмен тілдесіп отырған жаңашыл әдебиет. Осы көркейген, кемелденген мәуелі бәйтеректей жайқалған әдебиеттің жаңа бүр жарып, гүлдеп келе жатқан жас жапырақтарындай оны дамытып, ілгері апаратын кейінгі толқын жастар шығып келе жатыр әдебиетімізде. Соларға үміт артамыз, соларға сенеміз! Әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтіп, кеңестігін арайландыратын солар! Осындай талантты жастар шоғы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, филология факультетінің жанындағы М.Ғабдуллин атындағы әдебиет үйірмесінде шоғырланған. Осы әдебиет «Шабыт» аталып отыр.
Қаламдарың айға білеген жастарымыз сөз өнерінің алдаспанын шыңдап, сомдап жатса құба-құп! «Шабыт» алдағы уақытта саф алтынның буындай сөз өнерінің нөсерн төге берсін деп уәзипа қылайық! Иләйім, әманда солай бола берсін деп тілейік!
Мәлік Ғабдуллин атындағы әдебиет үйірмесінің жетекшісі:
ф.ғ.к., проф.м.а. С.Н.Жәмбек
МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ҮЙІРМЕСІНІҢ
мақсаттары мен міндеттері:
Үйірме өз жұмысын жолға қою мақсатында өзінің мақсаты мен міндеттерін белгіледі:
Үйірменің ең басты бағыты ғылыми-зерттеушілік бағытта жұмыс істеуге үйрету болып табылады.Үйірме мүшелері көркем шығарманы ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, оның көркемдік ерекшеліктеріне: тілі, стилі, сюжеті мен композициясына, тип пен характер т.б.талдауға машықтанады.
Үйірме жұмысының екінші бағыты студенттердің сыншылық қабілетін арттыруға көңіл бөліп,оларды сыни көзқарас білдіруге төселдіру. Белгілі жазушылардың көркем туындыларын оқытып, талқылату. Осы аталған мәселеге орай жазылған,жинақталған материалдарды баспа бетіне жариялау.
Үйірменің үшінші бағыты студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Прозаның шағын жанрына бейімі бар жас талаптарды жазу өнеріне үйретіп, баулу.
Олардың шығармаларын үйірме отырысында талқылап,кемшілігі мен жетістіктерін көрсете отырып, олардың таңдаулыларын баспасөз бетіне ұсыну.
Сонымен үйірме жұмысының негізгі сипаттары 3 бағытта өріс табады: ғылыми-зерттеушілік;
сыни көзқарас білдіруге төселдіру; студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; Үш бағыттағы материалдарды екшеп, үйірме газетіне не мерзімді баспасөздерге жариялатып отыру;
Екі айда бір рет үйірме жұмысының жай-жапсары мен үйірме мүшелерінің жазған материалдарын жариялап отыру үшін үйірме газетін шығару; Үйірме мүшелеріне оның мақсаты мен міндеттерін ұстану жүктеледі.
Мәлік Ғабдуллин атындағы әдебиет үйірмесінің жетекшісі: ф.ғ.к., проф.м.а. С.Н.Жәмбек
[pic 2]
Мәлік Ғабдуллин атындағы әдебиет үйірмесінің топ басшылары:
Қабылжан Думан Қызырбек Ернар
...