Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүлеймен Бақырғанидың поэтикалық мұрасы

Автор:   •  Декабрь 6, 2024  •  Реферат  •  9,880 Слов (40 Страниц)  •  13 Просмотры

Страница 1 из 40

       

Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

[pic 1]

БОӨЖ

СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИДЫҢ ӘДЕБИ

МҰРАЛАРЫ

Орындаған:Абатова Маржан

СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫ

Жоспар

1. Кіріспе
    • Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу
    • Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ықпалы
2. Негізгі бөлім
  2.1. «Бақырғани кітабының» ерекшеліктері
    • Жинақтағы шығармалардың тақырыптары
    • Хикметтер мен қиссалар құрылымы
    • Сопылық идеялардың насихатталуы
  2.2. Сүлеймен Бақырғанидың поэтикалық мұрасы
    • Хикмет жазудағы Қожа Ахмет Ясауидің ықпалы
    • Исламдық құндылықтардың дәріптелуі
3. Қорытынды
    • Сүлеймен Бақырғани мұрасының қазақ руханиятындағы орны
    • Оның шығармаларынан алынатын тәлім-тәрбиелік маңызы

 Жырмен жырланған хикметтер – “Бақырғани кітабының” басты ерекшелігі

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Сүлеймен Бақырғани шығармалары Қазан қаласындағы баспаханаларда көптеп басылды. С. Бақырғани шығармаларының жиі жарық көруі сол кездегі қазақ даласындағы діни мектептерде Қ.А. Ясауи, Сопы Аллаяр т.б. сопы-ақындар кітаптары сияқты оқулық ретінде пайдалануы арқылы сұранысқа ие болғандығынан еді.

Сүлеймен Бақырғанидың хикметтері мен қисса-дастандары өзінің атымен аталған жинаққа енгізілген. Бұдан басқа “Ақырзаман” дастаны жеке кітап болып шығады. “Әулие Мариям кітабы” 1878 жылы басылады. Кейін 1895 жылы С.М. Матвеев бұл дастанды орыс тіліне аударып жариялаған.

С. Мұқанов “Өмір мектебінің” бірінші кітабында: “Қыстай оқып, “Құранды” жаттап алуға айналған кезде, молда бізді “түрікше” аталатын кітаптарға әкеп салды. Бұл кітаптар “шағатай” аталатын Орта Азиялық тілде жазылған. Бірнешеуін мысалға келтірейік:

  1. “Көрің қадыр”.
  2. “Тақи ғажап”.
  3. “Бақырған” дейтін кітаптың сөзі былай келеді:

 

Бақырғанден сафар қылсам.

Тауап қылғали қағбани.

Барып кәне, йүзім сүрсәм,

Көріп хәннани, мәннәни.

Хажыр есуәтка ал-сұнсам,

Хатим диуәрни көрсәм,

Хәмді уә сәнә айтсам.

Сахар уақтида субхани.

 

  1. “Сүббәтәл ғажизин”.  

“Түркіше” аталатын кітаптарда араб, парсы, өзбек, түрікпен сөздері көп кездеседі”, – [73,68 б.] деп жазады.  

 Б. Майлин “Шаншар молда” пьесасында молданың әндетіп, “Бақырғани кітабын” оқып отырған сәтін келтіреді:  

 

 

Бақырғандан сапар қылсам,

Тауап қылғали қағыбаны

Барып роһина сұрасам,

Көріп ханани, маннани [74,8 б.]. 

 

Бұл үзінділер – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында діни мектептерден, молдадан оқығандардың Бақырғани шығармаларымен таныс болғандығына дәлел.

Кейбір зерттеушілер атауына қарап, “Бақырғани кітабындағы” шығармалардың барлығын С. Бақырғани қаламынан туған деп қабылдайды. А.И. Пылев “Қожа Ахмет Ясауи – сопылық ақын, оның дәуірі мен шығармашылығы” деген кітабында Ахмет Ясауи үлгісімен хикмет жазған ақындар ретінде С. Бақырғаниды, оның баласы Хұбби қожаны, Қамаладдин Иқани (ХV ғ.), Шәмсі Өзгенди, Шейх Хұдайдад (ХVІ ғ.) және Бабарахим Машрабтарды (XVІІ ғ.) атайды [75].

А.К. Боровков “Өзбек тілі тарихынан очерктер” деген мақаласында Ахмет Ясауи мен Хакім Ата төңірегіне топтасқан, шығармалары түрлі қолжазба, жинақтарда жазылған отызға жуық хикмет шығарушы ақындарды атайды. Олар: 1. Азим. 2. Асад. 3. Байза. 4. Бехбуди. 5. Гадаи. 6. Ғариб. 7. Ғызали. 8. Иқани. 9. Қасым. 10. Джани. 11. Мачин. 12. Машраб. 13. Молла

Базар. 14. Надири. 15. Насими. 16. Сабри. 17. Сайфаддин. 18. Тадж. 19. Тафи.

20. Темури. 21. Убаиди. 22. Фақири. 23. Хакім Ата. 24. Хұбби. 25. Хұдайдад.  

...

Скачать:   txt (99.2 Kb)   pdf (513 Kb)   docx (277.5 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club