Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салыстырмалы тарихи әдіс: өткені, бүгіні, болашағы

Автор:   •  Октябрь 1, 2023  •  Доклад  •  1,687 Слов (7 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 

 

 

 

 

 

 

Баяндама 

Тақырыбы: 

Салыстырмалы тарихи әдіс: өткені, бүгіні, болашағы 

 

 

Орындаған: Абдрасилова Д.К. 

                                                                                                                            Тобы: КО - 32 

Қабылдаған: Хасенов Б.Р 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2023 жыл

Баяндама 

Салыстырмалы тарихи әдіс: өткені, бүгіні, болашағы

 

Тіл – адамдардың қарым-қатынасының ең маңызды құралы. Бүкіл дүниедегі бұл қабілет тек адамзат баласына тән.  

Тіл — халықпен бірге туып, бірге өмір сүретін бөлшек болғандықтан, тіл мамандары осы бір қабілетті меңгерген адамдардың өз тілдерін қалай пайда болғанын, бұл тілдердің қалай өмір сүретінін, өзгеретінін, өлетінін, олардың өмірі қандай заңдарға бағынатынын ертеден білуге құштар.  “Тірі тілмен” қатар  қоғамдық қажеттілік аясы тар тіл - “өлі” тілдер деп, яғни бүгінде ешкім сөйлемейтін тілдер деп бөлінушілік те бар. Әлемде біз естіп-білмей жатып жоғалып кеткен тілдер де көп. Және керісінше, жүре пайда болып, ресми тіл қатарына еніп, жалпақ жұртпен біте қайнасып, қолданысқа жаңадан сіңген тілдер де жетерлік. 

Мысалы, ана тілі ретінде сақталмаған, алайда біздерге грамматикалар мен сөздіктер арқылы жеткен ежелгі Римнің тілі «латын», ежелгі грек, ежелгі үнді «санскрит» тілдерін айтуға болады.   

Лингвистиканың кез келген бағыты тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке бөлінеді. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, қайсы біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне негізделеді деп, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде кейбір қайшылықтарға әкеледі. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әртүрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер пайда болды. 

Сыртқы қоршаған ортаны танып, білудің бірден-бір логикалық әдісі - салыстыру. Сондықтан да ол ғылымдардың барлығына тән. Фактілерді бір-бірімен салыстыру тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, әртүрлі тілдерді үйрену, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған нысанның ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады. 

Әрбір ғылымның өзіне тән тарихы, теориясы және зерттеу әдістері болатындығын ескере отыра, тіл білімінің де өз тарихы, теориясы, зерттеу тәсілдері бар екендігі белгілі. Сондай бір әдістердің бірі - салыстырмалы-тарихи әдіс.  

Салыстырмалы-тарих әдіс арқылы бірнеше туыстас тілдердің материалдары бір-бірімен салыстырылады. Яғни, бір негізден тараған туыстас тілдердің генетикалық туыстығына негізделеді. Басқаша айтсақ, салыстырмалы-тарих әдісті қолдану үшін, жоғарыда айтқанымыздай салыстырғалы отырған тілдердің бір ата тілден тарауы шарт. Ол тілдердің бір-бірімен туыстық негізде болуы міндетті. Сол себепті де, салыстырмалы тарихи әдісте этимология үлкен рөл атқарады. 

Этимология – сөздердің шығу тегін зерттейтін ғылым. Ертеректе белгілі бір сөздің шығу тегін анықтауға тырысқан ғалымдар ұзақ уақыт бойы әртүрлі тілдердегі деректерді бір-бірімен салыстырған деседі. Бірте-бірте жеке сөздерді, содан кейін тұтас лексикалық топтарды этимологиялық салыстырудың арқасында ғалымдар үнді-еуропалық тілдердің өзара байланысы туралы қорытындыға келіп, кейінірек грамматикалық сәйкестіктерді талдау арқылы түпкілікті дәлелдеген-ді. 

...

Скачать:   txt (22.8 Kb)   pdf (163.9 Kb)   docx (154.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club