Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің өткені мен бүгіні

Автор:   •  Май 18, 2023  •  Статья  •  1,055 Слов (5 Страниц)  •  157 Просмотры

Страница 1 из 5

Ақпарат және құжаттарды

пайдалану бөлімінің біліктілігі

жоғары маман архивисі

Әлеуметтану ғылымдарының магистрі

Тұрсынбек Нұрдина

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік

ғылыми-техникалық құжаттама архивінің өткені мен бүгіні

Ел призиденті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев еліміз тәуелсіздігінің  30 жылдық мерейлі мерекесіне арнап жазған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты көлемді мақаласында «Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік? Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз? Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық» деп айтып өткендей, тәуелсіздік жылдарында халықтың материалды және рухани өмірін айшықтайтын құнды құжаттарды сақтаушы, елдің тарихи мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының архив мекемелері де қандай белестерді бағындырды деген сауалға жауап іздеу қажеттілігі туатыны анық.

Еліміздің өткені мен бүгінгі тарихының қайнар көзі болып табылатын архив мекемелері өзінің қоймалар қойнауында көлемі мен мазмұны аса бай қорларды сақтап отырғаны баршаңызға аян. Солардың бірі, отандық ғылым мен техника тарихының бірегей сақтаушысы – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві. Төменде сіздердің назарларыңызға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің өткен тарихы мен бүгінгі жетістіктерін саралап ұсынбақшымыз.

Архивтің құрылу тарихы 1974 жылдың 7 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 50 қаулысының қабылдануымен басталады. Ғылыми-техникалық құжаттарды бір орталықтандырылған мемлекеттік сақтауға алудың қажеттілігі туындауына байланысты республиканың халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттамаларды мемлекеттік сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етуді орталықтандыру мақсатында мамандандырылған ҚазКСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалыптасты.

Архив құрылған алғашқы жылдарда архив құрылымын жасақтау, ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру жұмыстары жүргізілді. Әрине, бұл кезде ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс жасау өзге де архив құжаттарымен жұмыс жасаумен салыстырғанда айтарлықтай қиын болды. Соған қарамастан, архивте арнайы мамандарды іріктеу мен ерекше сипаттағы құжаттамалармен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгеру қолға алынды. Соның нәтижесінде     23 қызметкері бар, 2 бөлімнен тұратын архив құрлымы жасақталды.

Осыдан кейін, архив қызметкерлері Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қорларын толықтыру көзерін іздеу жұмысына кірісті. Архив қызметкерлерінің табанды ізденістерінің арқасында негізгі тіркелген тізімге 95 мекеме еніп, республика тарихында алғаш рет 5 мыңға жуық ғылыми-техникалық санатқа жатқызылатын жобалау құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданды. Бірегей, аса құнды құжаттарды анықтау жұмыстары негізінде архив қорларын толықтыру қарқынды жүргізіле бастауына байланысты құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету аясында қор құжаттарын қолайлы жағдайларда сақтауға бағытталған іс-шараларды қолға алу жүзеге асырылды. Архивте көп мөлшердегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды сақтайтын қоймалар пайда болды. Құнды құжаттарды сақтаудың сол кездегі заманауи әдісі болып табылатын микрофильмдеу жұмысы да қолға алынды.

Кеңес одағы ыдырап, елде терең экономикалық дағдарыс туылып, нарықтық қатынастар белең алған түста, орын алған келеңсіздіктер салдарынан архив қорларын толықтыру мәселелері шиеленісті. Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын да күрделі кезеңінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві өз қызметін ары қарай жалғастыра берді.

Осы жылдары республиканың басқа салалары сияқты архив саласында да тоқырау байқалғанымен, 2000 жылдардан кейін экономиканың тұрақтануына байланысты архив ісінде де жандану басталды. Бұл кезеңде архив жұмысында компьютерлеу, жаңа технологияларды енгізу, электронды деректер және тасығыштар сынды жаңа бағыт өрістеді. Архивтегі істер саны 170 мыңнан аса сақтау бірлігін құрап, толықтыру көздерінің тізімі               186 ұйымға дейін ұлғайды. Осыдан кейін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві өндіріс, құрылыс, көлік байланысы сынды отандық ғылым мен техника тарихын дәйектейтін құжаттарды сақтайтын орталыққа айналды.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (80.5 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club