Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері

Автор:   •  Май 5, 2025  •  Курсовая работа  •  7,033 Слов (29 Страниц)  •  20 Просмотры

Страница 1 из 29

               

                  КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері»

                                             Мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................................   3

1. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері ......................................... 4

1.1. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары ...........................................  6

2. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем .......................................................... 9

2.1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас  сөйлем................................................... 18

Қорытынды........................................................................................................... 24

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................  25

   

                                                 Кіріспе

     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағаны анық. Оның айқын дәлелі сонау жылдардан бастау алатын түрлі зерттеулер мен қазіргі кезге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері жайында әр түрлі пікір бар.

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз. Олар өз ішінде жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір ұқсастықтары болғанымен, қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрбіреуінің өзіндік ерекше дербестіктері өте көп ұшырасып отырады. Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.

Салалас сөйлемнің мағыналық түрлерін, Т. Қордабаев еңбегінің маңыздылығын талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.

    Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдердің жүйесі, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерге бөлінуі, Т. Қордабаев,

Қ. Шәукенұлы еңбектері осы курстық жұмыстың негізі болып табылады.

    Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

- салалас құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихына шолу жасау;

- салалас құрмалас сөйлемдерді өз ішінде мағынасына қарай жіктеу;

- аталған жайттарды ғалымдардың еңбегінен алынған фактілермен дәлелдеу;

диахронды, сипаттау, жүйелеу, баяндау әдістері қолданылды.

    Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде  Т. Қордабаевтың «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» (Алматы, 1995),  Қ. Шәукенұлы «Синтаксис» (Алматы, 2004) тіл құралы еңбегі, Қ.Есеновтің «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (Алматы, 1995), «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» (Алматы, 1982) деген еңбектерінен алынды.

    Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері мен мағыналық түрлерін зерттеу барысында ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі олардың көзқарасы мен өзімнің пікірімді жаздым.

                   1. Салалас сөйлемнің өзіндік белгілері

      Құрмалас құрамындағы компоненттердің бір-бірімен салаласа байланысуы – жай сөйлемдерді құрмаластырудағы негізгі және бастапқы тәсіл. Салаласа құрмаласу деп құрмалас сөйлем құрамына енген компоненттердің грамматикалық жағынан бір-біріне тәуелді, бағынышты болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып, салаласа құрмаласуын айтады. Грамматикалық жағынан теңдік қатынаста дегенді жете түсіну үшін бірнеше мысалдарды талдап көрейік.

...

Скачать:   txt (95.3 Kb)   pdf (344.9 Kb)   docx (36.6 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club