Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Римма Жақсылықбаева

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Реферат  •  2,641 Слов (11 Страниц)  •  923 Просмотры

Страница 1 из 11

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»  жобасы аясында

[pic 1]         

КЕҢ ТЫНЫСТЫ ШЫҒАРМА

Журналистика факультетінің 2-курс студенттері «Мәтін жазу машығы» міндетті пәнінде ақын әрі суреткер Олжас Сүлейменовтың

«АЗи Я» кітабын жан-жақты талқылаған еді.

                Римма Жақсылықбаева: Өз дәуірінің суреткері Олжас Сүлейменов– Дантедей Антика мен орта ғасырдың тарихын,  түнек дәуірлердің тыныс-демін де білсем дейтін ақын. Ол көне шумер тілінен түркі сөздерінің сілемдерін тапты. Бағзы түркілер мен этрустерді туыстастырды. Нәтижесінде, 1975 жылы дүниеге әйгілі «АЗи Я» кітабы келді. Қайраткер ақын уақыттың әр кезеңдегі реңдерін белуардан кешіп, сол бір «АЗи Я» еңбегінде егжейлеген ой-мақсатын тарихи көкпардан алып келе жатыр. Осы орайда «АЗи Я» кітабы жайындағы өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.

Аружан Қаратаева: – Белгілі ақын-жазушы, саясаткер әрі дипломат, көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері – Олжас Сүлейменовтың “Аз и Я” туындысы “Игорь жасағы туралы жырды” талдау негізінде жазылған, түрлі ғалымдардың пікірлері келтіріліп танымдық, тарихи шығарма ретінде жарыққа шықты. Алайда, “Аз и Я”-ның түп мақсатын түсінбеген өзге ұлт өкілдері жазушыны орыстардың тарихын, тілін жоққа шығарды деп айыптай бастады.  Себебі, автор “”плесень” сөзін қазақтың “білесің” немесе “дебрь кисань” сөзін “темір кісен” деп аударады. Бұл болса, Русь пен Даланың арасындағы алғашқы байланыстың белгісі. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын».  Уақыт өте келе, туындының мақсаты халық араздастығын тудыру емес, керісінше байланыс орнату, өздері білмеген тарих беттерін ашып беру болды.

             Назым Самет: – «Игорь жасағы жайындағы жырға» талдаудан басталатын бірінші бөлімінде жырдың дүниеге келу тарихы туралы дәлелдемелер жазылған. Мысалы,  «Ұлы князь Дмитрий Ивановичке арналған сөз» (немесе тізімдердің біріне сәйкес «Задонщина») ескерткішіне және Дмитрий Донскойдың Мамайды алуына байланысты (1380 ж.) жалынды жыр жарыққа шыққан делінген. Бірақ, О.Сүлейменов жалғыз осы пікірмен шектелмей, Б.А.Рыбаков, А.С.Орлов, С.П.Обнорский, Н.К.Гудзий, А.В.Исаченко т.б. орыс  зерттеушілерінің пікірін шебер келтірген. Орыстың төл тарихын өздерінен де биік дәрежеде оқып, талдап, зерттеген қазақ баласына қызғаныш сезімінің оянуы да орынды секілді. Бұл ақыл-парасаттың, білім мен тәжірибенің бір тұлғаның бойынан табылуының әсерінен туған «таза бәсекелестік». Өйткені, «Аз и Я» жазылғанға дейін мүлгіп отырған тарихшылардың қимыл-іс әрекетке баруына, О. Сүлейменов шығармасын жоққа шығаруға талпынуына дәл осы еңбек мұрындық болған.  Қазақ тілін біле тұра халқына бір түйір жаны ашымайтын тас жүректерге қарағанда, орыс тілі арқылы Қазақстанды әлемге танытқан, жүрегі ұлтым деп дүрсіл қаққан қазақ мың есе артық емес пе?..

Балжан Халық: – Олжас Сүлейменовтың дəл осы шығармасындағы қолтаңбасынан мынаны байқауға болады:

1. Тарихты тар мағынасында ғана емес, шынымен көлемді əрі жан-жақты талдайды. Шығарма жазылған жыл мен оқиға болған ғасырдағы тарихи кезеңдермен салыстыра отырып, дала мен русьтің жақын болуына тарихи-аумақтық мəселелер себеп болғанын көрсетеді. Бұдан біз Олжас Сүлейменовтың тарихшылық қырын байқауымызға болады.

2. Шығарма мазмұнын оның грамматикалық, морфологиялық, лексикологиялық құрамын, көркемдік деңгейін барынша түпкілікті зерттейді. Мəселен, шығарманың "Билер" деп аталатын бөлімінде "би" сөзінің жырда "буй", "буйге", "буйым" сияқты түркі тілдес сөздерге жақын мағынада қолданылғанын, ал "куръ" сөзін тəжімəшісі сол қалпында қолдануын мағынасына терең бойламағаны деп түсіндіреді. Бұл сөзді "құр", "қора", "құрам" деген сөздерге жақын екенін айтады.

...

Скачать:   txt (32.2 Kb)   pdf (462.2 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club