Оралхан Бөкей Қар қызы повесті
Автор: gulimmuratali • Сентябрь 14, 2022 • Эссе • 729 Слов (3 Страниц) • 1,210 Просмотры
Оралхан Бөкей Қар қызы повесті
Оралхан Бөкей дүние жүзіне танымал қазақтың ең үздік жазушыларының бірі. Оның жазған туындылары осы күнге дейін әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып, бүгінде үздік туынды ретінде айтылып келеді. Әлемнің тілдері дегеніміз ағылшын,орыс,француз, неміс сонымен қатар жапон және араб тілдеріне аударылып бірнеше миллиондаған оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алған еді. Жазушының ең үздік туындыларының бірі осы бүгін біз талқылайтын көлемді повет Қар қызы. Жалпы бұл повестің жазылуы мен оның негізгі мақсаты оқырман үшін тым ерекше әсер қалдыларлықтай.
Оралхан Бөкей туралы қысқаша мағлүмат берер болсақ, ол 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Найман тайпасының Көкжарлы Қаратай атты руынан шыққан. Қаламгер жазушылықтан бөлек әлемнің бірнеше үздік туындыларын аударған. Жазушы шығармаларында жыл мезгілдерін керемет бейнелеп бере алған. Сонымен қатар, оның еңбектеріндегі басты кейіпкерлер рухани бай және қажырлы, еркіндікті сүйетін жандар болған. Яғни бұл Оралхан Бөкейдің адам консепциясы туралы жазғандарынан байқалады.
Оралхан Бөкей қазақ жазушыларының ішіндегі ең дара жазушылардың бірі. Жазған әрбір еңбегі оқырманды өзіне тартып, баурап алады. Оны Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқығанда ғана түсіне аласыз. Бас кейіпкерлердің ішкі әлеміне үңіле отырып, олардың еркіндікті сүйетіндіктерімен қатар арманшыл екендіктерін шынайы көрсете білген дара жазушы. Қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік бір орын алатын қаламгер әрқашанда әдебиетті сүйетін жандардың сүйіктісі болып қала бермек.
Жалпы повест туралы қысқаша ақпарат бере кетсек:
Қар қызы атты ең үздік туындыларының бірі 1977 жылы алғаш рет жазылған еді. Кейіннен уақыт өте келе, орыс тілінде аударылуы мақсатында 1984 жылы басқаша атаумен жазылған еді. Ол Біздің жақта қыс еді- деп аталған. Осылайша жазушының туындысы өмірге келді. Қаламгер бұл жазған еңбегінде көптеген дүниелерді жеткізгісі келді. Қазіргі уақытта біз талқылайтын қоғамдық тақырыптардың бірі де осы Қар қызы повесінде кездеседі.
Қаламгер өз естеліктерінің бірінде: "Менің "Қар қызы" деген повесім бар. Оның қысқаша мазмұны мынадай: ауылда мал азығы таусылып қалып, үш жігітті алыс маңайдан трактормен шөп алып келуге жібереді екен. Әкелері соғыста қайтыс болған, өздері соғыстан кейін туған үш жігіт Нұржан, Бақытжан мен Аманжан ДТ-54 деп аталатын трактормен 40 градус қыстың қаһарлы суығында, көздеген жеріне жете алмай қар шағылдардың арасында адасып қалады, қар тұтқынында қалып қойған үш жігіттің барар жер басар тауы болмайды. Сөйтіп, өмір мен өлімнің екі арасындағы мәңгі аяқталмас майдан басталады. Суыққа үсіп, ұйқы меңдеп енді-енді өлейін деп жатқанында повестегі бас кейіпкер Нұржанды Қар қызы келіп оятады. Олардың тірі қалуына себепкер болған - сол аңызға айналған Қар қызы. Ондағы Нұржан - өзім. Бұл болған оқиға, мектеп бітірген соң көп жыл тракторист болып істегенмін. Әрине, Қар қызын түсімде ғана көрдім, сыңсып салған әнін естігендей болғанмын. Бір ойдан оқушы бұл оқиғаға сенбеуі де мүмкін, ал мен сенемін", - деп жазған.
...