Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нарынның Наркескені – Нұралы ақын

Автор:   •  Декабрь 6, 2018  •  Эссе  •  980 Слов (4 Страниц)  •  1,582 Просмотры

Страница 1 из 4

Нарынның Наркескені – Нұралы ақын

(Нұралы Әжіғалиев туралы эссе)

«Қыран күнге қараса да, кірпігін қақпайды» дейді халық даналығы. Айтарын айтып, армансыз өтер ақындық бақыт – күнге қараса да қырандай кірпігін қақпай, ақиқаттың айна-жүзіне тура қарайтын дарабоздар пешенесіне бұйырар! Сондай бірі де бірегей дарабоз – Нұралы Әжіғалиев. Көзі тірісінде қоңырқай ғана күн кешкен Нұралы ақынның әдеби ортадағы бітім-болмысы, абырой –беделі айнадағыдай айқын болмағанымен, жарық дүниеден ғайып болғалы бергі 12 жылдың бедерінде оның ақындық бейнесінің көмескі тартпай, естіле, таныла бастағанына куә болып отырмыз.

Жөргегінен жырлап оянып, қаршадайынан қалам өнерінің қасиет-қадірін жете сезінген, «Тағдырым осы таңдаған» деп тұңғыш өлеңдер жинағын жарыққа шығарған ақынның қандай ғажап ақын екендігін осы кітапты бір сүзіп оқып шыққан адам өзі де біршама шамалар. Мен осы кітабын 1999 жылы студенттік кезеңімнің 2-курсында оқып жүріп, ақынның жолдасы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Қорлығайын Дүсіпова апайымның қолынан алған болатынмын. Міне, сол кезден бері өз үйімнің кітапханасынан орын алған ыстық әрі құнды кітаптың бірі болды.  

                                    Әзір маған бірің де баға берме,

                                    Аузымнан тек, аузымнан қаға көрме.

                                    Шын жүйріктер елеусіз жүреді де,

                                    Тарлан тартқан шағында ағады өрге,-

дейді ақын. Бұл – оның жұртшылық алдында осы күнге дейін тап осы жинақтай он сан кітап неге бермегеніне ақталу емес. Шындап келгенде бұл оның тағдыры, мына кітап – сәті туған жұлдызды бір шағының тұсаукесер беташары іспеттес.

Есімі қалың қазаққа кеңінен таныс болмағанымен өзі туып-өскен, ғұмыр кешіп, еңбек еткен Атырау – Нарын аймағына оттай ыстық, ел-жұртының бір ерке серісіне айналған ақын жүрек ел, туған жер, қасиетті құт-қоныс – Отан дейтін қастерлі ұғымдардың қадірін ұқтырар азаматтық ойларымен ғана емес, жалын-жастық, сыршылдық сезім шынайылығы, пендешілік, тіршілік қайшылықтарын көкірек көзімен көре білген сыншылдық, әділқазылық көзқарастар өресімен де өз тұғырын тым әріден риясыз айқындай алған. Нұралыны шын ақын еткен де – шындық жүзіне тура қарай алатын қайсарлық мінезі мен өмір сынында үгітілмес өз сенім-танымына деген адалдығы шығар.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (48.7 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club