Менің Әуезовым
Автор: Qulpunai2345 • Июнь 2, 2023 • Эссе • 831 Слов (4 Страниц) • 151 Просмотры
Менің Әуезовім...
Сенесіз бе? Жиырмасыншы ғасырдың басында бізде жарнама болыпты. Сол заманның бай манаптары өздерінің үйден ашқан мектебіне оқушы жинау үшін, тіпті қарапайым мал алып-сату үшін де газеттің сол жақ бетін жарнама бұрышы ретінде пайдаланғаны туралы алғашқы деректер табылуда. Бүгінгі күні кез-келген жақсыны ел білуі үшін міндетті түрде жарнамаға жүгінеміз. Жарнама сөзінің өзі «Жария ету, таныту» сөзінен шыққан. Қай заманның да өз алға жылжу әдіс-тәсілдері болған, бола береді де... Абай атамыз:
«Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.»[1]-демекші, кеудеңде жаның барында, замана көшіне ілесіп, жұрттың көзі мен сөзіне қалмай ғұмыр кешудің өзі бір жеңіспен пара-пар болып тұрғаны рас.
Ал енді ойланып қараңызшы, Абайды әлем қалай таныды яки Әуезовке «Абайды қазаққа таныту» идеясы қайдан келді? Абайды қазаққа танытуды Мұхтар Әуезовке аманаттаған ұлттың рухани көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейхан деседі. Тағдырлары тауқымет көріп жатып, қайта-қайта қамауға алынып, айдауға кетіп жатқан тұста жасы жиырмадан асқан Әуезовке осы миссияны тапсырды. Жазушы өмірінің жартысын осы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға арнап, өзінің бастаған ісін жетер жеріне жеткізу жолында қаншама қиындықтардан өткені мәлім. Есесіне шыңырау түбінде жатқан қайнар бұлағымызды, қазақы салт-дәстүрге бай Абай өскен, қазақ өскен ортаның өзін кейінгі ұрпаққа таныта алды. Шығарма біткеннің эталоны жазылып, әлем Абайды, Абайды туғызған қазақ даласын таныды десек, қателескеніміз емес. Сол замандағы арыстарымыз жеке бастың емес, ұлттық мүдденің қамы үшін:
«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса алаш!»[2]-дей ұрандады, сөзіне сай іс қылды. Кеудеден қасық қаны қалғанша қаймана қазақтың оқып білім алып, болашақтың баспалдағын нық басуына тер төкті. Сол арыстарымыздың ішіндегі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өзіне тағы бір үңіліп көргім келді. Қазаққа Абайды жазып дүниеге әкелген Әуезовтың басқа жазушылардан ерекшелігі неде? «Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет – тағы да айтайын, - Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жазық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусып барып самайға ұйлығып қалған – оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс – шөкім-шөкім бұлт тәрізді көк мамық шашы. Сократ маңдай деген маңдай болады деуші еді, сол осы екен ғой деп сүйсіндім ішімнен, кеудемдегі күллі діріліммен түйсініп...»[3] деп, «Менің Әуезовім» деп роман жазған, қазаққа Әуезовті жанды қырынан танытқан шәкірті Зейнолла Қабдолов. Менің ойымша ұлыларымызды тағы да тани түсуіміз үшін оларға шәкірт көзбен қарауымыз керек іспетті. Қалдырған мұраларын оқып отырған сәттен бастап, дәл қасында отырғандай зейін қою керек сияқты. Зейнолла Қабдолов өз романында ұстазының тұлғалық қасиеттерін, ғалымдық шеберлігін, ұстаздығын тарау-тарау етіп бөліп ұғындырған. Ұстазға деген құрметтің ең биік дәрежесін көргенде таңданысымды жасыра алмадым. Демек Мұхтар Әуезов өзінің ұстаздық антына берік болғаны. Ұстаздық ант дегеніміздің өзі ауадан алынған жоқ. «Ұстаздың ең үлкен қасиеті – жауапкершілік. Одан кейін өз кәсібін сүюі, оған адалдығы және оқушының жан дүниесін сезінуі» демекші, осы талаптардың бәрінене оқ бойы озып тұрған ұстаздың ғана сабағына басқа сабақтан қашып барып тыңдайтын Зейнолла Қабдолов сынды шәкірттер қалыптасты деп ойлаймын.
...