Киш туралы аңыз
Автор: Kamazhay • Апрель 17, 2025 • Анализ книги • 771 Слов (4 Страниц) • 158 Просмотры
«Киш туралы аңыз» – Джек Лондонның шығармасы. Джек Лондон – ең алғашқы миллионер жазушы. Аударған – Абайдың баласы Тұрағұл.
Киш – 10 жасар бала, әкесі қайтыс болған. Альяскада. Қыстың күні ел-жұртын және анасын асырау үшін әкесінен қалған қару-жарақты асынып, аңға шығады. Аңшылықтан олжалы боп келеді: үлкен аюды әкеп, елге таратады. Әкесі кезінде аңшы болған, елін асыраған, ауылда біреу ауырып қалса, оның халін 3 рет барып сұраған кісі болған екен. Жетім-жесірлер қиналмай тіршілік еткен екен. Әкесі қайтыс болған соң, ауыл жігіттері аңға шығады: олар ең майлы, жұмсақ жерін өздері жейді де, шандыры мен қатты жерлерін жетім-жесірлерге таратады. Бала осы озбырлықты көріп, ел жиналған жерде дат сұрап, ауыл ақсақалдарына айтады: «Бұлай болмайды, әкесінің кезінде қандай еді, еттің ең жылы-жұмсағын жетім-жесірлерге үлестіретін», - дейді. Баланың сөзін аңшылар ұнатпайды, оны шеттете бастайды. Сосын бала аңшылыққа өзі шығады да, аю әкеледі. Ел арасында қауесет тарай бастайды: бұл аюды сиқырлап ұстайды екен, т.б. деген. Артынан ауыл адамдары аңдиды. Сөйтсе, шынымен, аю баланың алдына келіп, өзі құлайды. Сосын баладан аюды қалай ұстайтыны туралы сұрайды. Бала айтады: «Балықтың (киттің) ұзын қылтанын (сүйегін) орап-орап, маймен қатырамын да, балықтың ішіне саламын. Соны аюға қарай лақтырамын. Аю оны жегенде, май ішіне барған соң ериді, қылтан сүйек ашылады да, аюдың асқазанын тесіп өтеді. Сөйтіп аю қиналып өледі. Соын барып сойып ала қоямын. Бар құпиям – осы», - дейді. Осылайша Киш кейін ауылдың көсемі болады, оның кезінде жетімдер мен жесірлер жыламайтын болған. Елдің қарны тоқ, көйлегі көк боп, жақсы өмір сүрген екен.
Джек Лондон бұл әңгімені эскимостардан (Аляска халқы, чукча, якут деп те аталады) естиді де, қатты ұнатады. Себебі Джек Лондон да кішкентай кезінде әділетсіздікті көп көрген. 10 жасынан бастап газет сатқан. Консерві шығаратын зауытқа жұмысқа орналасады. 300 доллар қарыз алып, қайық сатып алады да, балық аулайды. Джек жасы 20-ға келгенше, қара жұмыс істеген. Ойнайтын кезі, балалық шағы тағдырдың қиыншылығымен өтіп кетеді. Әкесі Джектің анасын екіқабат қылады да, тастап кетеді. Анасы (есімі Флора) не істерін білмей, өзіне қол жұмсайды, бірақ тірі қалады. Неше түрлі дәрі ішеді, сонда да бала аман қалады. Сөйтіп баланы босанады. Кейін анасы Джон Лондон деген кісіге тұрмысқа шығады. Джекқа сол өгей әкесінің фамилиясын береді. Өгей әкесін бір күні пойыз қағып, мүгедек боп қалады. Шешесі жұмыс істемейді. Джек 10 жасында балалықты қойып, бірден есейіп, еңбек ете бастайды.
Киш туралы аңызды естігенде, ескі жарасы қозғалып, оған қатты әсер етеді. 21 жасында Джек Аляскаға барады. Елдің бәрі «золотая лихарадка» дегенмен аурады, яғни Аляскаға барып алтын іздейді. Сол жаққа барып, палатка тігіп жылдап жатады, суды сапырып, алтынның қоқымын іздейді. Джек та алтын іздеп барады. Ол жақта қыс қатты. Көбіне дауыл, боран айлап соғып тұрады, күн ашылған кезде ғана алтын іздеуге шығады. Сол айлап күркенің ішінде боранның басылғанын күтіп жатқан кезде, жұрт неше түрлі әңгіме айтады уақыт өткізіп. Бұлар, америкалықтар, Аляскаға барғанда эскимостарды жалдайды. Эскимостардың иті бар, арбасы бар. Олар да америкалықтармен бірге күркеде өмір сүреді. Сол кезде апталап күркеде жатқан кезде бір эскимос осы Киш туралы аңызды айтқан екен. Джек Аляскада ұзақ жүре алмайды, ауырып елге қайтады. Елге келген соң, шығармашылықпен айналысады. Осы Киш туралы аңызды газетке мақала қылып жариялағанда, бум болады. Елге қатты ұнайды. Және кең таралады. Орыстың және ағылшынның сайттарында ең көп тараған аңыз екен.
...