Жүсіпбек Аймауытов өмiрi мен коfамдык кызметi
Автор: baktygul1974 • Январь 27, 2020 • Доклад • 1,402 Слов (6 Страниц) • 697 Просмотры
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ, ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында дүниеге келген. Жазушының өзі жазғандай: «Мен «Қараның адыры» өңіріндегі Қызыл тауының етегінде орналасқан Дәндебай ауылында тудым. Мен сүйіндік руынан шықтым (одан әрі — күлік), Сұлтан Махмұтпен бірге сегізінші ұрпақтамын». Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану үйренген. Павлодарға барып орыс-қазақ мектебіне түседі.Әке-шешесі соған қарсы болып (мектеп алыс жерде орналасқан), дегенмен оқу орнына жіберіп қояды. 1918 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясын аяқтап шығады. Оқу кезінде ол А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов және ұлттық интеллигенцияның басқа өкілдерімен бірге «Алаш» партиясының жұмысына белсенді қатысады. 1917 жылғы Февраль революциясын ол қуана қарсы алды. Осы революциядан ол көптеген өзгерістерді күтіп жүрген: халық бостандығын, теңдігін, бақытын. Әйелдердің теңсіздігі, адамдардағы адамгершілік, өткенмен күрес, мейірімділігі мен қайырымдылығы мол тұлғаларды өнеге тұта отырып, жас балаларды тәрбиелеу сияқты оқиғалар мен қоғамдағы үдерістер оның шығармаларының сюжетіне желі боп кіреді. Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен болатын. Әкесі «халық жауы» деп танылды, ал Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтіп келеді. Оның естеліктеріне қарағанда: «…Бұрын Павлодар қаласы кіп-кішкентай қала болған еді. Егер біз қаланың бір шетінен басқа оның түкпіріне баратынымыз болсақ, онда жаяумен-де жүруге болады. Әкеммен бірге қаланы жиі серуендеп жүрдік. Ертіс өзені арқылы біз паром қатынасы арқылы өткенбіз. Енді бәрі өзгерді. Қала тым үлкен болып кеттті. Бала шағымды есіме алып тұрамын. Туған өлкемді, мен өскен сондай ыстық жерімді бір сәт те есімнен шығармадым». Бектұр Аймауытов Аймауытовтың екінші ұлы — Жанақ 1920 жылдың 18, ақпанында Семей қаласында дүниеге келді. 1941 жылы оны «халық жауының ұлы» деп танылып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқыш пен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. Ол Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер институтын бітіріп, «алған білімді жалғастырамын» деп, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің физико-математикалық факультетіне оқу түседі. «Менің әкем — нағыз адам, азамат, қоғам қайраткері. Мен оның дарынды жазышы, шебер ұстаз, ақын, аудармашы болған екендігімен мақтанамын», — деп жазған Жанақ Бектұров. Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезінде, ол төрт жаста болатын, кіп-кішкентай қыз еді. «Анам айтқандай, әкем өте дарынды адам болды. Қазіргі уақытқа дейін есімде келесі сәттер есімде сақталды: әкем жұмыс үстелінің басында отырып, еңбектеніп жатыр, үстелдің бетінде тұрған жасыл абажуры бар шам жанып тұр», – деген ол. Аймауытовтың зайыбы Евгения Карабатыровна күйеуін есте сақтап жүрген. Ол барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын да сақтаған екен. 1991 жылы Павлодар қаласына келіп, баға жетпес қазынаны Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына тапсырды. Бұхар Жырау атындағы мұражайға берілген жазушыға қатысы бар ең құнды жәдігерлердің бірі — жазушының «Нахихат» атты қалта сағаты. Қызының айтуына қарағанда, «Ж. Аймауытов бұл сағатты ешқашан жанынан тастамаған екен. Күндіз қоғамдық жұмыстар атқарып, түн ауа шығармашылығымен айналысқан. Сағатқа жиі қарайтын әдеті болған екен. Уақытының, өмірінің аз қалғанын сезді ме екен…» «Әрдайым жазу столының үстінде жататын қағаз кесуге арналған екі сызғыш. Ж. Аймауытов он саусағынан өнер тамған адам болған. Бұл сызғыштарды да өз қолымен жасаған. Сызғыштың бірі қылыш пішінді болып келеді, оның ұстайтын жағында
...