Жүсіпбек Аймауытов
Автор: aliyana_iskakova • Декабрь 1, 2021 • Доклад • 376 Слов (2 Страниц) • 284 Просмотры
Жүсіпбек Аймауытов алғашқы педагог - ағартушылардың бірі
Әдебиет дүниесіне дауыл үрлеген жолындай жойқын екпінмен есік ашып, сол қуатынан танбай, талай тың, шың шығармалараның тұсауын кескен Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінде философиялық танымымен, лирикалық нәзік иірімдер мол, құлжасы ерекше шығармаларымен келген болатын. Жүсіпбек Аймауытов - қазақ халқының рухани өміріне үлкен үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі. Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Жүсіпбек Аймауытов - өз дәуірінің мәселелерін көтерген мәнді мақалалардың авторы. Оның бүкіл өмірі, ойы, мақсат мұраты, рухы туған елінің тіршілігімен тығыз байланысты. Сондықтан да ол әрқашан өз заманының, шындықтың жыршысы.
XX ғасыр басында қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы Ж. Аймауытов еңбектері екенін жақсы білеміз. Ж. Аймауытов пікірінше мұғалімнің айналасатыны үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай, шектеліп қалуға болмайды... Сабақ үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер...- деп, оқыту, білім берудің әдістерін емес, ізденуден туатын іс- әрекет екенін дұрыс атап өткен. Ж.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. Ж. Аймауытов қазақ елінде тұңғыш рет «Психология» оқулығын жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тілінде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Бұл оқулық – мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отыра, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Әрбір мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта - ықыласын, зейін - зердесін білімді меңгеруге бағыштау керек дей келіп, жекелеме оқу әдістеренінің тиімділігін нақтылай мысалдар келтіре отырып сөз етеді.
...