Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүсіпбек Аймауытов- жақтаушы (1889-1931)

Автор:   •  Ноябрь 5, 2023  •  Реферат  •  2,606 Слов (11 Страниц)  •  199 Просмотры

Страница 1 из 11

                                 Жүсіпбек Аймауытов- жақтаушы (1889-1931)

   Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылту  болысының Бірінші ауылында өмірге келген.Жастайынан білімге құштар болып,алдымен ауылдағы молдадан,кейін Баянда,содан соң қалада дәріс алған.1914 жылы Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясына түседі де,оны 1919 жылы бітіріп шығады.Сауатты жас азамат сол XX ғасырдың бас кезіндегі үлкен-үлкен саяси-экономикалық өзгерістер мен  төңкерістерді тек газет бетінен оқып қоймай,оларға тікелей қатысады.Халықтың өркендеуін  жеделдетуге қатысқаны келді,өзі байқаған дағдарыстардан шығу жолдарын да іздеді.Елеулі екі үлкен романы- «Қартқожақ» пен «Ақбілегі» оған куә бола алады.Күрескер жазушы,ақын,драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық мұрасы- философиялық толғауы  терең рухани  қазынамыз:қазақ болмысы,ұлтаралық қатынастар,дала шаруасының санасы,әйел теңдігі,адамгершілік нормалары,таптық қоғам өмірі,өтпелі кезеңдегі биік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз болды,өзіндік шешім тапты.Ал «Психология» аталатын оқулығы осы күнге шейін маңызды жойған жоқ.

       Абайдан сусынданған,оның жан-жақты да күрделі дүние танымын өз заманында өте жақсы түсінген,ұлы абайтанушы М.Әуезовпен көп мәселелерді түсінуде  терезесі тең Жүсіпбек өзінің шығармашылығы мен қоғамдық қызметін,Абай өсиетін жүзеге асыруға қолынан келген бар мүмкіншілдіктерін өмірінің ең соңғы  күндеріне дейін аянбай қолданды.

     Абайды өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек ұлы ақын тағылымының қазақ елінің ертеңгі үшін әлі де берері көп екенің жақсы түсінген.Абайдың шығармалары мен асыл сөздерінен алған сабағын былай түсіндіреді: «Ақынды дана,рахымды әділ,шынға сусаған,қыңырды жөнге,қисықты тезге салмақ болған,бұзықтылықпен алысып өткен Абай еді.Қазақтың әдебиетіне жан берген:сөздің сырын сырлап,ішін терлеген,өлеңнен өрнек шығарған,ақындық,сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. «Өнер тап,оқы хәрекет қыл,тәрбие ал,ынсапты адам бол»,-деп қақсап өткен Абай еді. «Халықты» қамып же,адам боласың бауыр тұт,адамшылыққа қызмет ет»,-деген Абай болатын.Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз.Ақыл білім,сезім,терец ойлығына қарағанда,Абай-қазақтан шыққан философ данышпан».

     Абайды философ деп,хакім деп енді-енді ғана танып,біліп жатқанда,бұдан 75 жыл бұрын Абайдың кім екенін тап басып тұрып бірінші болып айтуы-Жүсіпбек Аймауытовтың да ойлау дәрежесінің жоғарлығын,көзқарасының жан-жақтылығын,білімнің тереңдігін анық білдіріп тұр.

    Абайдың этикалық өсисттері «адам бол» деген гуманистіс идея еді. «Адам болам десеңіз:бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол»,-деп,оның  үлгісін берген Абай өз шығармаларында адам болудың біртұтас  кодексін жасады.Олардың негізгілері:ақылды дұрыс пайдалану,талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым, білім алу,дүние тану,әрнәрсенің өлшемін білу,өз арының алдында жауап беру,күрес,әділ,сыншыл болу,жамандықтан бойын аулақ ұстау және тағы басқалары.Ал Жүсіпбек бар болмысымен осы көзқарастары түгелімен қабылдап,өзінің өмірлік өсиетін айналдырды.

     Ғылымсыз білім сыңаржақ:ғылым білімді ұлғайтады;ғылымсыз білім тым құрғақ,білімді орнына жұмсау керек.Білімді орнына жұмсайтын не?Ол-тәрбие. «Сонымен,білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы,жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен.Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де,сорынада оңды-солды жұмсай беруі мүмкін.Тәрбиелі адам,яғни иманды адам,толық адам ондайға бармақ емес,ол білімін өз орнына,игілікке,адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... «Міне,осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді.Жүсскеңнің кезінде «Тәрбиеге жетекші» (Орынбор,1926 ж.) «Психология»(Ташкент,1927 ж), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (-М.,1929ж.), «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» (Қызыл Орда,1926 ж.) секілді оқулықтар жазылуы тегін емес.Педагогикалық көзқарастары адамға,оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады.Өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек,адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып,адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды.Оның айтуыншы,адам табиғаттың емес,тәрбиенің құлы болуы керек.Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиесімен байланыстыра отырып,былай деп жазды: «Алғашқы  екі ғасырдай афиняндар мәдениетті,ғылымды күшті жұрт болған,неге?Данышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиелегендіктен.Рим халқын атақты,күшті қылған кім?Аристотельдің тәрбиесі.

...

Скачать:   txt (39.6 Kb)   pdf (112.7 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club