Жапандағы жалғыз үй
Автор: Yera04 • Декабрь 4, 2021 • Эссе • 273 Слов (2 Страниц) • 1,665 Просмотры
«Жапандағы жалғыз үй» шығармасы қос ғасырды кезек-кезек алмастырып, кеңістік пен уақытты ауыстырып суреттеу әдісі арқылы жазылған. Автор Сұлумұрт, Халел мен Жәлелді, Райхан мен Күргерейдің тағдыр жолының арасына көпір тастап, салыстыра суреттейді. Уақыт арасындағы және кейіпкерлер арасындағы байланыс сәтті бейнеленеді. «Жапандағы жалғыз үй» романы осы уақытқа дейін қазақ даласына жасалған кеңес дәуіріндегі жағымсыз әрекеттерді әшкереленеді. Яғни жазушының ескі әрі жәдігерге айналған мәдениетке төтеп берер көркем туындысы енді қалыптаса бастаған қоғамдық, ұлттық және рухани дүниетанымға керек-ақ.
Шығарманы оқи отырып көп нәрсені байқауға болады. Кейіпкерлердің қалай өзгергендігі, сол заманның халыққа тиген зардабы мен ауыртпашылығы, күйзеліс. Бәрі-бәрі осы шығармада сипатталған. Роман негізінен 9 бөлімнен және эпилог пен прологтан құралған.
Ал енді кейіпкерлерге сипаттама беретін болсақ:
Райхан сыпайы, сана сезімі ояу, жанашыр, ел үшін аянбай қызмет еткен көшбасшы әйел. Ол кей уақыттарда өз-өзінен жалғызсырап, әлдененің орны толмай үңірейіп тұрғандай, көңілі омсырайып қалатын кездері болатын. Өзімен бірге жасасып қуанышына да, қайғысына да ортақтас болар жар құшып, бала сүймей өткен тағдыр салған зілдей ауыр салмақты ойлап таусыла күйзелетін. Сүюге, мәпелеуге жаралған ана жүрегі езіліп, отбасы махаббатын аңсаған шақтарында іштей егіліп, қатты ойсырап қалады. Өзі қызмет еткен жердегі бар халық құрмет тұтып, қошеметпен құшақ жая қарсы алғанда, ел махаббатына көңілі өсіп, бар ауыртпалық есінен шығатын еді.
Баяғы шофер бала Жантас. Жантас қазір бала емес. Отыздарға таянған
...