Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Егемен Қазақстан

Автор:   •  Апрель 28, 2022  •  Эссе  •  419 Слов (2 Страниц)  •  345 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен таңдаған мақала

 «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 2018 жылының 1 қазанында «тарих» бөлімінде жарық көрген «Тоғыз астананың тарихы «Ұлы Даланың киелі ордалары» жиынында талқыланды» атты Ұларбек Нұрғалымұлының мақаласына тоқталмақпын. ««Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Мемлекеттік архиві және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына орай «Ұлы даланың киелі ордалары» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті» деп бастау алған мақалада, еліміздің сонау Жошыхан билеген Ұлытау өлкесінен бастау алып, қазіргі ел ордамыз Нұрсұлтан (Астана) қаласына дейінгі аралықтағы астана рөлін атқарған киелі ордалары сөз етіледі. Майталман мамандардың қатысуымен пленарлық отырыс, дөңгелек үстел, панелдік дискуссиялар форматында жүргізіледі. Тарихымыздың бастау алғаннан бері 9 астананы қамтығанымыз айқын дәлелмен жазылады.

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде 2021 жылдың 5 қаңтарнда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын зор қызығушылықпен оқып шықтым. Егемен ел болғаннан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымызға терең ой жүгіртіп, талдау жасап, кезеңдеу арқылы әр белесіміздің қазіргі тарихымыздағы орны мен ерекшеліктері  жан-жақты айшықталған екен. Жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз ой елегінен өткізіліпті.

 «Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналының 2022 жылы 7 ақпанында «ұлттану» бөлімінде шығарылған медицина  ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабековтың  «Тектілік – асыл қасиет» атты мақаласы мені қызықтыра алды.  Қазақтың салт-дəстүрі бойынша жеті  атаға дейін қыз алысуға үзілді-кесілді рұқсат жоқ екені, бұл біздің гендік қорымыздың мол əрі мықты болуына əсер ететіндігі, сондықтан да мұндай дəстүрді мүміндігінше сақтауымыз қажеттігі басты  назарға алынып жазылған. Қазақтың неке туралы жазылмаған заңдылығы қазір АҚШ, Жапония, біраз Еуропа елдерінің генетик-ғалымдарын таңғалдырып отыр. Мақаладан керемет түртіп аларлық дерекетер өте көп. Қорыта айтқанда, ру шежіресін, ата-тегін  білудің мән-мазмұнын ұрпақтан ұрпаққа жеткізе ұғындырып, ағайын-туманы татулыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу қажет. Түзу тәрбие мен тәртіп сақталса, ұрпақ текті болатыны, әрі оның азбайтыны анық.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (40.9 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club