Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дикция (үн реңі). Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия)

Автор:   •  Март 17, 2021  •  Лекция  •  6,614 Слов (27 Страниц)  •  790 Просмотры

Страница 1 из 27

Лекция

Тақырыбы:Дикция (үн реңі). Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия).

      Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі – балаларға үлгі, сәбилер тәрбиешісі-педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.

Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р, ш, с) дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.

Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді.

Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.

Жаттығулар

1) Екі ерінді бір-біріне нық тигізіп, жымдастырып, ысқыруға ыңғайланған тәрізді дөңгелентіп, алға қарай сүйіріліңдер. Бұларды дәл сол қалпында тұрғанда оңға, солға созыңдар; жоғары қарай түріңдер, төмен түсіріңдер. Бұл қалыпта тіс бір-біріне нық тиіп, жымдасып ашылмауы, жақ қозғалмауы керек. Бір-бірімен нық жымдасқан ерінді (жұмған ауызды) күлуге ыңғайланған тәрізді етіп езуді тартыңдар (тіс көрінбеуі керек).

Күрек тісті көрсете жоғары ерінді түріңдер.

Төменгі ерінді төменгі тісті көрсете төмен түсіріңдер.

Төменгі жақты ашып а-ны үнсіз айтыңдар. Тіл көлбей жатады (тілдің қалпы есінегендегідей күйде болмақ), сөйлеу мүшелерін әдеттегі қалпына келтіріңдер.

Осы жаттығуды ешбір қиындықсыз орындап алатын жағдайға жеткенше қайталдаңдар.

2) Тіл дыбыстарының жасалуын Ғ.Абухановтың «Қазақ тілі» оқулығынан көруге болады.

Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалап, жаттығыңдар. Егер дыбысталуы дұрыс шықпаса, жаттығуды тағы қайталаңдар.

Мына сөздердің айтылуындағы ерекшеліктерін табыңдар да естілуі бойынша оқыңдар:

жолық                         құлын                            үлкен

толық                          жұлын                            күрек

солғын                          тұлым                            жүрек

борық                           жұрын                            түлек

борсық                         тұрғын                           түлкі

өте                                өнер                               өмір

өлең                              өзге                                өжет

У-ды айтқанда ерін сүйірленіп, дөңгеленіп алға шығады, ерін тарылады, жақ бір-біріне жақындайды, тілдің ұшы қусырылып жылжиды. У-ды дыбыстаңдар, содан кейін ау, әу, еу, өу деп айтыңдар. Бөлшектемей бірінен соң бірін дыбыстап (барлық дауыстыларды: а, ә, о, ө, е, (э), ы, і, ұ, ү, и, у-ды) айтып шығыңыздар.

Жуанды-жіңішкелі жұп болып келетін: а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – дыбыстарының айтылуындағы айырмашылығын салыстырыңдар.

3. Дауыссыз дыбыстарды анық айтып шығыңдар. Дауыссыз дыбыстардың кез келгенін айтқанда сөйлеу мүшелерінің біріне қақтығысып шығады. Мысалы: Р-ді айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп қатты таңдайдың алдына тие дірілдейді. Сөз ортасында бір рет, сөз аяғында екі рет дірілдейді. Р сөз басында айтылмайды, сондықтан басқа тілден ауысқан Р-дан басталатын сөздің алдынан ы немесе і қосылып (протеза) жасалып оқылады; кейде ү, ұ, о тәрізді дыбыстар селбесіп айтылады (Радио – ырадио, рет – ірет, рас-ырас, рұқсат-ұрықсат т.б.).

...

Скачать:   txt (50 Kb)   pdf (238.6 Kb)   docx (28.4 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club