Ги де мопассон мен бейiмбет майлиннiн шыfармаларындаfы гендерлiк меселенiн корiнiс табуы
Автор: Kairat_saltanat • Май 30, 2018 • Статья • 2,134 Слов (9 Страниц) • 712 Просмотры
ГИ ДЕ МОПАССОН МЕН БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕНІҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
Қайратқызы Салтанат
Salta345kz@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филилогия фокультетінің
«филология: қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының
2 –курс студенті, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., доцент Үсен Айгүл Әбдімүтәліпқызы
Адам баласы пайда болған сонау әлімсақтан бері басталған ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас, байланыс, махаббат, құрмет пен ролдерінің мәні туралы тартысты талқылау, оны сөз ету ешқан таусылған емес. Әр заманда түрліше көрініс тауып, шешімі күні бүгінге дейін сан мәрте өзгерген ер мен әйел рөлі әр халықтың қоғамдық арнасы мен тұрмыс-тіршілігінде, салт –санасы мен мәдениет, өнерінде де өзіндік ерекшелігімен шешімін тауып келеді. Осы тартыста, қоғам дамуындағы әйел теңдігіне байланысты неше түрлі ұрандар, оқиғалар, ғылымда түрлі терминдер қалыптасты. Соның бірі көптен бергі ғылыми айналымдағы «гендерлік саясат» деп ұрандауға ұласқан «гендер» ұғымы.
Феминистік әдебиеттерде гендер ұғымының бірнеше концепциялары бар. Бұл гендерлік түсініктің, жалпы ұғымның кеш қалыптасуына байланысты болуы мүмкін. Олардың барлығының негізі жыныс (sex) пен гендер(gender) түсінігін ажыратудан басталады. Жыныс- бұл адамдардың анатомиялық- биологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ұғым, яғни оның негізінде адамдарды еркек және әйел деп бөледі. Гендер – бұл өте күрделі әлеуметтік – мәдени құрылым, яғни қоғам қалыптастыратын еркектер мен әйелдер арасындағы ролдер, іс- әрекеттер, мінез- құлықтар, менталдық, сезімдік сипаттамалар. Осы жүйенің шеңберінде гендер ұғымы еркектер мен әйелдер арасындағы тұлғаралық байланысты, отбасындағы өзара іс – әрекетті ғана емес, қоғамның негізгі құрылымдары салаларындағы олардың әлеуметтік қатынастарын анықтайтын әлеуметтік байланыстардың ұйымдасқан үлгісі болып табылады.Осылайша гендер басқа да әлеуметтік – демографиялық және мәдени сипаттамаларымен (нәсіл, тап, жас) қатар әлеуметтік жүйені құрайтын қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.Гендер әлеуметтенудің, еңбек бөлінісінің және қоғамда қалыптасқан белгілі бір мәдени нормалар, рольдер, стеоротиптердің белгілі бір жүйесі арқылы қалыптасады. [1]
Енді осы гендерлік мәселе француз әдебиеті бен қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларында қалай көрініс тапты? Қандай ерекшелігімен, ол бізге не береді?, - деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Екі сөз шеберінде алып қарасақ небәрі 45 жылға жетпейтін ғұмыр кешіп, артында мол мұра қалдырып кеткен. Соның ішінде өмір шындығын қаз- қалпында беретін, өмір атты құрақтың бір бөлшегіннен құрала кеткенде шындықты, өмірдің бүкіл қалтарыс- бұлтарысын сезіндірер, өз көзіңізбен көргендей әсер қалдыратын қысқа жанр шеберлері. Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен және реализмнің аса көркем шыңына жеткен жазушы жоқ десе де болғандай. Заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезов : « Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым – қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады» - деп баға берген. Ал З. С. Кедрина: «Бейімбет үшін әдебиетте мынау ірі, мынау кіші жұмыс деген болмайтын, ол шығармаларды ең қажетті, керек нәрсе деп қана суыртпақтайтын» - деп жазушының бүкіл шығармаларының құнды екенін ескертеді.[2] Сол құнды шығармаларының арасынан әйелдер тағдыры , ондағы қоғамның алатын орны мен байланысын аша білген туындылары жетерлік.
Француз жазушысының да өзіндік айтар ойы мен ерекшелігі бар. Ол әйелдің өмірін әйелден артық суреттей білген Ги Де Мопассан. Ол тек әйелдерді ғана емес, әйелге қатысты мәселелерді ғана жазбаған, әйелдер арқылы елдің, халықтың, мемлекеттің мұң-мұқтажы мен нақты жай-күйін дер кезінде айта білген адам, әйтпесе әйел жайлы кім жазбайды, ал әйел жайлы жазғанның барі әйел өмірі мен қоғам өмірін Мопассонша байланыстыра бермеген, ол жазған әйелдер- қоғамның ауруы мен адамның соған бейімделуін өз өмірімен дәлелдеп беретін әйелдер.[3]
...