Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих

Автор:   •  Май 7, 2020  •  Сочинение  •  568 Слов (3 Страниц)  •  1,890 Просмотры

Страница 1 из 3

   «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» – дегенді алға тартар болсақ, әр күніміз,. әрекетіміз қазақтың дархан даласының көк аспанының астында тарихқа таңба болып, жазылып жатқаны анық. Бірақ, қағаз бетіне түспей қалған  менің ұзақ жылдар бұрын  басымнан өткерген жайттарды қарастырып, зерттеуге дәл осы уақытқа дейін қызығушылық танытып көрмеппін.  «Үлкен тарих кішігірім тарихтардан тұрады»  деген жақсы сөз бар. Дәлірек айтқанда, адамның өткен тарихы терең болмаса да, болашағы таудай болуы мүмкін. Ия үлкен болсын, ия кіші болсын өз тарихын білмей болашаққа нық қадам басу мүмкін емес дегенім  қате болмас. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «бүгінгі күнді түйсініп-түсіну үшін де , болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»[1]. Расында, тарих адам өмірінің ажырамас маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені, қазіргі уақыттағы адамның қол жеткізген жетістіктерінің барлығы өткен тарихтың арқасында деп білемін. Егерде әрқайсысымыздың тарихымыз болмаса, оны бағаламасақ, өткен күнді білмесек, алға қарай дамудың өзі қиын болар еді[2]. Дәл осы себепті, маған Қазақстан тарихындағы менің туылған күнімнің маңызы мен рөлін тереңірек болмасада жалпы зерттеу қызығырақ болып отыр.

   Бір Алланың қалауымен мен 2001 жылдың үшінші желтоқсанында  дүниеге келдім. Тағы айтып кететін нәрсе менің туылған күнім желтоқсанның үшінші жұлдызы — Григориан күнтүзбесінде жылдың 337-ші күні болып саналады. Мен туылған кезде отбасым өте қатты қуанған. Оның бірден-бір себебі, мен отбасымда үшінші болып екі әпкемнен кейін туылдым. Бұл жағдай кез-келген бала туылғанда әрбір ата-ананың басынан өтетін жағдай екені сөссіз. Ата-анамның айтуы бойынша, дәл мен туылған күні қыстың өте боранды күні болған екен. Кейде ойланып отырып, осы ауа-райын өзіммен байланыстырамын. Өйткені мен болашақта Қазақстанның қаржы саласына дәл сол боран сияқты өте үлкен өзгеріс енгізгім келеді.

   Негізі менің отбасымның да Қазақстан тарихымен байланысы бар. Өйткені, марқұм атам Ұлы Отан соғысына қатысып, жаумен күресіп, немістердің басты әскери базасына дейін барған. Атам тірі кезінде ылғи соғыс кезіндегі өткен оқиғалардың ауыртпалығы туралы айтып отырушы еді. Сол оқиғаның бірін айтып кетер болсам, атам немістердің негізгі базасына тыңшылыққа барған кезінде тұтқынға түсіп қалған екен. Сол кезде менің атам неміс тілін білетін бухгалтер болған, неміс тілін білетін болғандықтан немістер атамды тұтқында отырып жұмыс істеткен екен. Сонымен қатар, атам сол неміс базасына тұтқынға түскен қазақтарға тығылып тамақ апаратын болған. Міне, дәл осындай атамның қызықты әңгімелерінен кейін тарихқа деген қызығушылығым ашылды деп сенімді айта аламын. Осылайша атамның арқасында тарихқа деген құштарлығым ашылғандай болды..

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (72.7 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club