Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Автор: darynperizat • Декабрь 14, 2021 • Эссе • 282 Слов (2 Страниц) • 1,623 Просмотры
ЭССЕ
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен мекені. Қазақ елінде қазіргі таңда көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар біздің елдіңде азаматтары шет елде тұрып жатыр. Олардың көбісі негізінен сонау аштық , қуғын-сүргін кепздерінде бас сауғалап жүріп қалып қойған азаматтар. Сол сияқты міне біздің елдеде өзге ұлт өкілдері осындай себептермен өз Отандарына орала алмай қалды деп санаймын. Кейбір адамдар мысал ретінде алатын болсақ , өзге елдерге туристтік сапар бойынша барып , егер ұнатып қалатын жағдай болса , олар осы елге көшіп келуі де мүмкін. Бұл тек менің ойым! Бүгінде Қазақстан республикасында халқының саны – 18 млн адам, сондай-ақ, елімізде 140 түрлі ұлт өкілі мекендеп жатыр . Міне, осыншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүріп келеді және өмір сүре береді де. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік пен алауыздық жоқ. Олар өзге ұлт өкілдері болсада Қазақстан Республикасын өздерінің Отаны санайды
Қазақ елі бірлігі жарасқан , ынтымақтастығы жоғары мемлекет болып саналады. Мен осындай қонақжайлылық пен сыйластық ұғымдары ертеден қанына сіңген елде туылғанымды мақтан етемін!
Қорытындылай келе , Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі , бірлігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бір ауамен тыныстап, бір жердің өнімін яғни нанын бөліп жеп жүргендіктен бәріміздің Отанымыз біреу ғана. Бір мемлекеттің азаматы болып, бір тудың астында өмір сүріп жатқандықтан , арманымыз бен тілегіміз бір болуы тиіс.
...