Біз дұрыс армандай білеміз бе
Автор: realsanb • Ноябрь 29, 2018 • Эссе • 426 Слов (2 Страниц) • 930 Просмотры
ЭССЕ
Аты-жөні: Бақдаулет Сандуғаш
Туылған жылы/айы/күні: 02.11.1999
Электронды почта адресі: sandubagdaulet@mail.ru
Байланыс нөмірі: +77479935812
Оқу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Біз дұрыс армандай білеміз бе?
Мен бұл мақаланы жазбай тұрып өзімнен де, айналамдағы адамдардан да бір нәрсені сұрағым келеді. Арман деген не? Біздің арманымыз қандай? Біз дұрыс армандай алып жүрміз бе? Сол арманмен қуалаған жетем деген мақсаттарымызға жете алдық па? Талпынып жатырмыз ба? Бірақ ондай сұрақтарды қоймас бұрын біз бәрін ой елегінен өткізуіміз керек.
Мен, шынымды айтсам, әлі күнге дейін нені армандайтынымды білмеймін. Біртүрлі сезім. Адамдар өте кең ойлайды, яғни үлкен нәрсені армандайды. Мен де ондай арман болған емес. Барлығы да осы күнге жетсем екен, осы бір тапсырмам яки жұмысым бітсе екен деп талпынумен күні өтеді. Адам баласы өз арманым ойлағанмен оны жүзеге асырудан тайқиды. Бәрі де өткінші нәрсемен қарбалас. Мен де қарбаласпын. Бұл қарбаластық өміріңнің қалай өтіп бара жатқанын, арманыңның қалай артта қалып қол бұлғап тұрғанын байқамай қаларсың сірә.
Менің армандарым есейген сайын сан-қилы. Тіпті есебіне жетпессің. Әр есейген сайын әр нәрсені армандайсын. Жоқ, мұны әсте мақсат яки қандай да бір іс-әрекет деуге келмес. Мен көп армандаймын.
Бірде бастауыш бітіргенімде: «Арманың қандай?» деген болатын. «Арманым-әнші болу» деппін. Балалықпен айтқанымды ойласаңызшы. Алдында арманы таудайлар тауып айтар еді. Мектеп бітіргенімде де осы сұрақты қайта қойды. «Шетелге шығып ел көру, жер көру, көп тілдерді үйрену» дегенмін. Қазір университетте оқысам да әлі бұл сұрақты ешкім қойып көрген жоқ. Ия, әрине дәл сол кездегідей менің ел аралап, жер көргім келеді. Бірақ бұл менің аса үлкен арманым дей алмаспын.
...