Болашақ бүгіннен басталады
Автор: aigerim.volodya • Ноябрь 27, 2018 • Статья • 1,219 Слов (5 Страниц) • 2,719 Просмотры
Тақырыбы:Болашақ бүгіннен басталады
Володяқызы Айгерім
Кемел елдің келешегі әлбетте, жастардың қолында.Қазіргі жас ұрпақ-елдің елдігін,шет-шекарасын,мемлекет тұғырын биік ұстайтын басты тұлға десек ұлы халқымыздың болашағы баянды болатыны даусыз.Өйтсе,байтақ еліміздің мәңгілік бірлігі мен тірлігін,тұтастығы мен тыныштығын сақтай отырып қолымызға қонған бақыт құсын яғни ел мен жер тыныштығын сақтай білудің өзі бір ғанибет.Бұл әрине жастардың қолында ғана екені сөзсіз.Әлбетте,еркін елдің еркелеп өскен жас ұрпағы біздер аялы Отанымыздың ең биік мәртебесін анамыздың ақ сүтіндей аялап өсуіміз ләзім.Саялы да саумал даласын әсте сарқылмайтын кәусәр бұлақтай сезініп, тұнығынан сусындап өссек деймін. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. «Білімді мыңды,білекті бірді жығады» дегендей білімді де саналы,салауатты ұрпақ бар жерде еліміздің ертеңі мәңгілікке жарқырап тұратыны сөзсіз.Қазақ елінің берік те бекем болуы ынтымақ пен бірлікте әрі болашағымыздың тірегі-жастардың қолында.Сол жолға тек біліммен ғана жол табамыз-ау деймін,жас достар!
Мен сүйікті Отанымыздың ,яғни Қазақ елінің тыныштықта болуын тілеймін.Баянды болашаққа біз сияқты жас ұрпақты алаңсыз да білімді ,дені сау,денесі ширақ азамат етіп жеткізетініне кәміл сенемін.Көп ұлтты,ұлағатты ұландарға бай ел-Атамекенімді жан тәніммен сүйемін.
Алғаш сонау шекараның арғы бетінен асып келген ата-анамыз біздерді жетелеп,өбектеп жүріп-ақ осы күнге жеткізді ғой. «Біздің мақсатымыз-балаларымызды өз ана-тілінде оқыту»-деген сөзді әрбір отбасынан естуге болады.Ол мақсатқа да жеттік.Жас достарым,осындай пәк сезімді арқалаған бізді аңсаған арманымызға жеткізуге жол салған абзал жандарымызға,Қазақ еліне жүрекжарды алғысымыз шексіз екенін айтқым келеді.
Бүгінгі таңда еркін елдің болашағы білім мен ғылымның оған қоса тәлім-тәрбиенің ажырамас еншісінде десек болғандай.Күн мен түннің теңелуіндей жас ұрпақ біздер өркениеттің,тәуелсіздіктің шынар шыңына шығатынымыз даусыз.
Ұлы көштің бастаушысы, елінің ертеңі мен халқының келешегін жеке басының тағдырынан жоғары қоятын үлкен жүректі азамат Н.Назарбаевтың ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қамын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін еңбекқорлығына, адамгершілігіне ризашылығымды білдіремін. Еліміздің бүгінгі амандығы, әлеуметтік жағдайының дұрыстығы, еш алаңсыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешуі – Елбасының сұңғыла нәтижесі. Олай болса, Тәуелсіздік жылдарында, Елбасымен қатар жүріп келе жатқан, жарқын болашаққа апаратын сара жолымыз мәңгілік жалғаса берсін.
Ел тәуелсіздігі тіліміздің,салт-санамыздың-алтын діңгегі десем артық емес.Яғни тәуелсіздік біздер үшін бақ-жұлдызымыз.Ең әуелі халқымыздың қол жеткізген баянды болашағы.
Қазақ халқының ең бірінші байлығы әрине,Тәуелсіздік десем артық айтқандық емес.Тәуелсіздіктің жемісі болмаса біздің шекара асып келуіміз екіталай еді.Осы жерге жете алмай өзегі өртеніп,қуаныштан бейхабар кеткен боздақтар қаншама дейсіз.Тәубе,десек болғандай.Себебі ,біздер бақытты жандармыз.Баға жетпес аға ұрпаққа қарыздармыз.Дәл осы тұста арманда өткен боздақтарға,баянды бақыт сыйлаған жандардың рухына неге бас имеске.Бұл ұрпақ парызы емес пе!
...