Абай Құнанбайұлы «Отыз екінші қара сөз»
Автор: dnanshsb • Май 11, 2022 • Анализ книги • 838 Слов (4 Страниц) • 988 Просмотры
Абай Құнанбайұлы «Отыз екінші қара сөз» .
Абай Құнанбаев отыз екінші қара сөзінде ағартушылық пікірлерін ұсынады. Оның ішінде ғылым-білім мәселелерін тереңірек қозғайды. Білімді толық меңгеру үшін не істеу керектігі нақты сөз болады . Терең ғылымды игеру үшін талап керектігін және талаптың да өз шарттары бар екенін ескертеді .Абай айтқан ғылым, білімді меңгерудің бұл амал-тәсілдері өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен алынған. Қарасөзінде Абай білімді іздеу, табу, оны үйрену, ұғудың алты түрлі жолын таңдап, талдап береді. Біріншіден, білім-ғылымды бір керегіме жаратамын деп, шын мейірленіп үйрену керектігін, адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түсетінін, екіншіден, біреуден артылам деп, бақталастыққа бола ғылым үйрену адамшылыққа жатпайтынын, адамшылықты азайтатынын , үшіншіден, ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу керектігін, төртіншіден, оқығаныңды ақылға салып, есте сақтап қалуға тырысу керектігін, ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу керектігін айтады. Бесіншіден, бар нәрсенің дұшпаны – уайымсыз салғырттықтан сақтанып, алтыншыдан, ғылымды, білімді сақтайтын сауыт – мінезді бұзып алмауды қадағалау керектігін ескертеді.
Абай не үшін ізденді? Іздеп тапқанын кім пайдасына асырмақ болды? Абай осындай адал еңбегін, асыл ойларын қайран жұрты қазағына арнады.
Қара сөзде «толық адам» ілімінің элементтері де кедеседі. Толық адам болып қалыптасуда нақты шарттарды орындай отырып, ғылым-білімді игерудің маңызы көрсетіледі. Толық адам туралы ойдың бастағы төркіні Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген өлеңі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде де айқын көрсетілген.
Абайша айтсақ : «Шала мейір шала байқайды» .Сондықтан да ғылымды «ондай-мұндай іске , дүниенің бір қызықты нәрсесіне» жаратар едім деген мақсатпен іздемеу керек . Әуелі білім-ғылым үйренбекке қызығушылық керек . Әрбір білмегеніңді білген сайын дәулетке кенелгендей сезінгенде ғана адам бойында ризашылық , рахатшылық сезім оянады . Міне , сол рақат сезімді берік ұстаған жағдайда білімге деген құмарлық , ынтызарлық пайда болады . Шын жүрекпен құмартып игерген ғылым ғана адам баласына туған анасындай мейірленіп келеді , ал шала үйренген ғылым өгей шешенің мейіріндей толық болмайды . Сол себепті адамды шала сауатты болудан сақтандырады . Бұл ғылым үшін де , талапкердің өзі үшін де аса қауіпті болатындығын ескертеді . Сондықтан «Адамның көңілі шын мейірленсе , білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп , тезірек қолға түсетін» жағын ойластыру керек .
«Екінші - ғылымды үйренгенде , ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген Абайдың сөзі ақиқат жолына жұмсалуын насихаттайды.«Үшінші – әрбір хақиқатқа тырысып иждихатыңмен көзің жетсе , соны тұт , өлсең айырылма! Егер де ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса , кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?» дегенде ғылым жолындағы ақиқатқа көзің анық жетсе , соны көздің қарашығындай қорғап , қадіріне жете білу керек деген ой айтады . «Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге адамның ішінде екі қару бар : бірі – мұлахаза , екінішісі –мұлафаза . Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек . Бұлар зораймай , ғылым зорамайды» дегені де адамның ғылым жолындағы төзімділігі мен ізденістерін көрсетеді . Абай «Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу», « ... ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек», «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады» деген терең мағыналы нақыл сөздері арқылы өскелең ұрпақты ғылым-білімді тереңірек меңгеруге шақырады.
...