Абай шығармаларындағы мифтік образдардың ерекшеліктері
Автор: Aimzhan96 • Январь 14, 2020 • Реферат • 2,065 Слов (9 Страниц) • 957 Просмотры
Абай шығармаларындағы мифтік образдардың ерекшеліктері
Көркем әдебиеттің даму тәжіриесінде мифтік сюжеттерді, аңыз-әңгімелерді әдеби шығармаларда қажетіне қарай пайдалану ежелден бар үрдіс. Мифтік таным дегеннің өзі алғаш адам баласының өзін қоршаған ортаны қабылдауынан бастау алып, қазақ мифтік шығармаларындағы сюжет, оқиғалар желісі әлем және түркі мифтік шығармаларымен үндес және сарындас келеді.
Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмағаны анық. Бұл шекаралар кейіннен пайда болып, мифологияда олардың барлығы тұтасып беріліп, дүние жайындағы біртұтас түсінік болып қабылданды.
Шығыстың, қазақтың поэтикалық ойлау жүйесінде сөз зергерлерінің мифологиялық бастаулардан тірек іздеуі жиі байқалады. Аңыздардың жалпыадамзаттық мазмұны мен терең философиялық астарын алғаш ашқандардың бірі - Абай. Оның «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» атты поэмаларында алғаш рет мифологияны қолданды. Әрине, мифологизмнің терең бастауы ауыз әдебиетінің, халық поэзиясының терең қойнауларында жатыр [1,871].
«Ескендір» поэмасында Александр Македонскийдің озбырлығын, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын әшкерелейді. Ескендір патша туралы кезіндегі алып-ұшпа мадақтау сөз, аңыздарға қарсы, Абай Ескендірдің жағымсыз образын жасады. Ескендірге қарсы ақыл иесі философ жағында екенін көрсетті.
Абай Ескендірдің мансапқор, нысапсыз бейнесін баяндайды. Мұндай өзімшіл, қанағатсыз, көзі тоймайтын жаугершіл жанға қарсы өз ақылын айтады:
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
Мұндай адамның көзі, нәпсісі тек топыраққа ғана тояды деп, Абай соғысқұмар патшаға көз сүйегін тартып, Аристотельдің ұстамды сөзімен поэмасын аяқтайды.
Бұл поэмадағы Ескендірдің «құдайға бастайтын қақпаның» күзетшісінен алған көз сүйегі сюжетінің түп-төркіні қайдан келгені туралы әр түрлі болжамдар бар. Ақынның ең алдымен шығыс классиктерін, оның ішінде аталмыш эпизодты игеру жағынан өзіне бір табан жақын тұрған Низами шығармасын жақсы білгені күмәнсіз. Аталмыш эпизодта баққұмарлықтың символы ретінде пайдаланылған көз сүйегі жайлы штрихтың ежелдегі еврейлер аңызы туралы талмудқа енген көшпелі көне сюжет екенін білуі де ғажап емес. Өйткені, И.Орманскийдің 1866 ж. жарық көрген «Александр Македонский туралы Талмуд аңыздарын» поэманы жазар тұсқа дейін оқуы да, немесе сол шамаларда Семей жаққа жер аударылып келген зиялы саяси тұтқындардан естуі де мүмкін болатын.
Сондай-ақ, Абай ұлы ағартушы ретінде осы туындысында Александр сынды қолбасшының барша тарихын, оған байланысты аңызды өмірдегі зұлымдық пен адамгершілік туралы үлкен ойын айту үшін пайдаланады. Оның ойы барынша әсерлі, барынша терең [2].
С.Қондыбай: «Біз мынау жалған дүниені тек символдар арқылы ғана кескіндей аламыз, өйткені, шексіз ғаламның кескінін де, мөлшерін де, оның қандай материалдын және қандай жолмен пайда болғанын да, Жаратушы иенің оның қалай жасағанын да шын мәнінде көре, біле, тани алмайсыз. Сондықтан осылардың барлығын да пенделерге түсіндірудің ең қарапайым да универсал жолы символ арқылы кескіндеу болмақ. Мифология дегеніміз де – символдар жүйесі [3,34].
«Адамның көзі тоймайды, көз сүйегі ауыр болады-мыс немесе әулиелік істейтін шешімін табады. Абай аңыз сюжетін өз көзқарасын уағыздау үшін пайдаланып, өзінің адамгершілік ойларын танытады. Негізгі қаһарман әрекетін автор өз ойына, өзінің дүниетаным көзқарасына негіздеп бейнелейді. Бұған қарағанда шығыс аңызының сюжеті Абайға тек қызық оқиғаны жай жырлай беру үшін емес, шешуін қажет өткен өмірдің маңызды мәселесін бейнелеу үшін қажет болған сияқты (1,874).
Абайдың аяқталмай қалған «Әзімнің әңгімесі» дастанының сжеті біге араб ертегісі – «Мың бір түн» қаһарманы Шахризада хикаяларының бірінен мәлім Хасан зергердің әңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамайды. Тек алданған жас зергердің оқиға тарихын беретін жайлары ғана айтылады. Қалайда бай болуға құмартып, оның оңай жолын қарастырып, өзінің үйреншікті кәсібін тастап, барға місе тұтпаған жастың тағдырын танытады. Жас адамға тән арқаулық, ж адам өмірімен еш санаспай қыршын жасты алдап, өлімге айдап, оның сүйегін аттап, а табудан тартынбайтынын әшкерелейді. Осылайша аңыздың кішкене оқиғасын қ а әлеуметтік бар деген сияқты түсініктер Аайдың мифтік, романтикалық ойларын адам өміріне, шындыққа жанастыра баяндайды.
...