«Абай жолы» шығарма жазу онлайн байқауы
Автор: baljan03 • Октябрь 11, 2022 • Эссе • 838 Слов (4 Страниц) • 399 Просмотры
Р/ с | Қатысушының аты-жөні: | Қатысушының мектебі(толық мекен-жайы): | Қатысушының Сыныбы: | Қатысатын байқауы: | Жетекшінің Аты-жөні: | Жетекшінің Байланыс нөмірі: |
1 | Жарқынбек Балжан Ниязбекқызы | Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы, «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебі | 10-сынып | Абай жолы | Сарыбаева Динара Әшірәліқызы | 87053707954 |
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 |
«Абай жолы» шығарма жазу онлайн байқауы
Шығарма
«Абай жолы»
Жоспар:
Кіріспе
Сөз басы- Абай салған дара жол-бізге үлгі дана ол...
Негізгі бөлім
а)Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы,халық үні. (М.Әуезов)
ә) «Абай жолы»-қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген әлем әдебиетінің көркем туындысы.
б)Шын хакім ,сөзің асыл- баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес...(М.Жұмабаев)
Қорытынды
Қанша том жазса дағы жетпейтіндей,ұлы дана есімі ол тарих қой...
«Ақыл,қайрат, жүректі бірдей» ұстаған адамнан ешқашан жауыздық шықпайды. (Абай)
Абай философиясы,Абай лирикасы,Абай үні қашан да «толық адамды» өз үніне қосады.Қырық бес қарасөздерінің әрқайсысы бір астарлы мән-мағына іздейтіні баршамызға сөзсіз мәлім.Әрбір қарасөзден өзімізге өмірлік тұжырым іздейміз. Жүректе қайрат болмаса,ұйықтаған ойды кім түртпек? – деген сөзді бүгінде мен өзімнің ұстанымым ретінде алып отырмын.Абай қазақтың асқан дана,бүкіл жұрт үшін үлгі тұтарлықтай зиялы тұлғасы.
Әл-Фараби атамыздың 1150 жылдығымен тұспа-тұс келген Абай атамыздың 175 жылдығы биыл Қазақстан көлемінде айтулы мереке ретінде айрықша аталып өтуде.Абай өмірі мен шығармашылығынан елеулі жарқын тұстарын атап өткім келіп отыр,себебі туып өскен жері,балалық шағының балғын елестері әрдайым қазақ баласының көкірегінде сайрап тұруы шарт деп ойлаймын.Қазақ халқының бас ақыны Абай- қазақ поэзия жанрымен қоса әлем әдебиетінің көлемінде әйгілі даңққа ие.Шығармалары алуан тілге аударылып,бүгінде Абайдың 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемде тойланады.
Ақынның сырлы әрі ерекше әлемі-Абайдың ән әлемі. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым, сәлем Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып» сынды әндері алыстан сермеп,жүректен тербеп, шымырлап бойға тарайды,солай емес пе? Мен кішкентайымнан Абай атамның әндерін жаттап өстім.Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиеті мен музыка өнерін биікке көтеріп, жауһар жырлар мен әсем ән мен тәтті күй тудырып, поэзия мен ән жанрына жаңашылдық сипат пен түр,өміршең рух берген ,тек қазақ даласына ғана емес, бүкіл шығыс халықтарына танымал ұлы тұлға. «Абай -дара,Абай- дана,қазақта» қашан да бұл менің санамда мәңгілікке сақталады. Абайдың әрбір сөздері оқырманына ғибрат береді,ал онымен сусындап өскен жеткіншек келешек ұрпақтың кемелденуіне үлес қосады.
...