Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Абай жолы» романындағы этнонимдер және туыстық атаулар

Автор:   •  Февраль 12, 2023  •  Дипломная работа  •  2,980 Слов (12 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 12

1 «Абай жолы» романындағы топонимикалық кеңістік....................................................................................................................8

1.1 Ономастика және ономастикалық кеңістік ұғымы........................................................................................................................8

1.2 Жер-су атаулары және Абай жүрген жерлер..............................................................................................................18

1.3 Жер-су атауларының лексика-семантикалық классификациясы...................................................................................................25

2 «Абай жолы» романындағы антропонимия..............................................36

2.1 Төл есімдер және олардың лексика-семантикалық ерекшеліктері.................36

2.2 Кірме есімдер және олардың дыбыстық өзгерістері....................................47

2.3 Кісі есімдерінің түрлері және топтастырылуы.................................................52

3 «Абай жолы» романындағы этнонимдер және туыстық атаулар..............36

3.1 Қазақ шежіресі және романдағы этнонимдер....................................................36

3.2 Этнонимдер мен топонимдердің өзара сабақтастығы...............................47

3.3Романдағы зоонимдердің ерекшелік сипаты................................................

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ халқының дүниетанымын, қазақ сахарасының кеңдігін, қазақ деген халықтың елдігін, қазақтың ұлан-байтақ жерінің сипатын танытатын зор туынды. Бұл шығарманы дипломдық жұмыстың басты нысаны ретінде алу да өзекті. Әлемдік әрі ұлттық тұрғыда талданатын, талдана да беретін көркем туынды ретінде бағаланады. Осы көркем шығармадағы ономастиканы тану мәселесі көркемдік кеңістік пен уақытты ғана айқындап қоймайды, топонимика мен антропонимиканың зерттеулеріне өзіндік үлес қосады, бұл зерттеу арқылы романның тілдік мәселелеріне терең бойлап, шығарманың табиғатын тануға мүмкіндік береді, ұлттық колориттерді ашуға септігін тигізеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып аясы ономастиканың түрлі шеңбері тұрғысынан қарастырылады. Ономастиканы әр қырынан тануға мүмкіндік береді. Жекелік сипатта жалқы есімдердің берілуі және олардың топтастырылуы көрініс табады.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Антропонимиялық, топонимиялық мәселелер жұмыстың басты нысаны деп танылды.

Диплом жұмысының зерттеу пәні. Көркем туындыдағы ономастикалық көрініс, көркем шығармадағы ономастикалық атаулардың бөліністік сипаты зерттеу пәні ретінде алынды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы топонимикалық ұғымдар мен антропономикалық атаулардың қолдану мақсаты мен берілу сипатын зерттеу.  

-антропонимикалық  атаулардың қолданылу мақсатын анықтау;

-топонимикалық ұғымдардың ерекшелігін, түрлерін қарастыру;

- ономастикалық атаулардың мәнмәтіндік сипатын тану.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Ономастиканың өзекті мәселелерін айқындауға, осы салалардағы зерттеулерді толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады. Антропонимдердің бөлінісі, қазақ есімдерінің ерекшелігін тануға мүмкіндік береді. Топонимдердің қойылу себебін анықтауға өз септігін тигізеді. «Абай жолы» роман-эпопеясын тілдік тұрғыда талдануының ерекшеліктерін саралайды.

Диплом жұмысында қолданылған ғылыми әдістер мен тәсілдер. Зерттеуде тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдарды жинақтау, іріктеу, талдау, сипаттау, топтастыру, жүйелеу, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының дереккөздері. «Абай жолы» роман-эпопеясына қатысты еңбектер мен монографиялар,  ономастикаға қатысты ғылыми зерттеулер пайдаланылды.        Ономастика саласында еңбек жазған А.В. Суперанская, В.А.Никонов,  В.Н.Телия секілді ғалымдардың зерттеулеріндегі теориялық мәліметтер негізінде зерттеу ұғымдары мен категориялары сараланды. Қазақ ономастикасын зерттеген Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов, Б. Әбдуәлиұлы, Е.Қойшыбаев, Б.Бияров, Б.Тілеубердиев, Б.Досжанов, Г.Мадиева, С.Қ.Иманбердиева, Г.Сағидолла, М.Қожанов, Б.Бектасова, Қ.Рысберген сынды қазақ ғалымдарының еңбектерінен  терминдердің мәні танылып, туындыдағы ерекшелігі анықталды.  Қазақ ономастикасының танымдық бейнесін, шаруашылығы мен тіршілігі, рухани, материалдық мәдениетін Е.Ә. Керімбаев, Қ.Қ. Рысберген, А.Т. Қайдаров, Т. Жанұзақов, Б.М. Тілеубердиев, Г. Мадиева т.б. зерттесе, орыс ғалымдарынан В.В. Маслова, Е.С. Кубрякова, А.В. Кравченко, А.В. Суперанская, В.Н. Топоров т.б. қарастырды. Ербол Жанпейісов, Еспаева К. өз еңбектерінде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ономастикалық атауларға назар аударып, жинақтаған, лексика-семантикалық түрін ажыратқан.

...

Скачать:   txt (47.5 Kb)   pdf (205.6 Kb)   docx (251.3 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club