Ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақ халқының рухани мәдениетінің мәні мен мазмұны
Автор: assel.akniyaz • Декабрь 9, 2019 • Реферат • 1,004 Слов (5 Страниц) • 1,409 Просмотры
Ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақ халқының рухани мәдениетінің мәні мен мазмұны
Қазақстандай жас мемлекет үшін өркениетті елдердің қатарына қосылу, қосылып қана қоймай жаһандану процессінде көшбасшы елге айналу міндеті тұрды. 25 жылдық кезеңді артқа тастаған жас мемлекет өнер мен білімде, мәдениет пен әдебиетте, ғылым мен жаңа технологияларда, медицина мен спортта, саясат пен экономикада үлкен ізденістерді басынан өткерді. Болашағы айқындала бастаған ел экономикалық жолын нақтылап, саясат пен руханият көкжиегін кеңейтіп, өнер-білімін өркендетті, медицинасын жаңартып, білім-білігін арттырды. Жаңа инновацияларға бет бұрып, озық технология тілін меңгерді. Барлық салада жасарып, жаңарған елдің алдына енді өзге де мұраттар шықты. Танымалдығы ұлғайып, әлем елдерінің алдындағы беделі артқан Қазақстандай жас мемлекет үшін енді халқының ұлттық тұрғыда жаңғырып, жасампаз, жаңашыл елге айналуы керек-ті. Ел президенті Н.Назарбаев өз халқының дәл бүгінгі таңда сусап отырған осындай қажеттілігін тамыршыдай тап басты. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бүкілхалықтық қолдауға ие болуының сыры да осында. Жаңа тұрпатты Қазақстанға қажеті Елбасымыз айтқан «ұлттық код» еді. Расында, ұлттық кодсыз рухани жаңғыру жоқ. Президент Қазақстан халқына жыл сайын өзінің Жолдауын үндейді. Талай жылдардан келе жатқан бұл үрдіс Қазақстанның жолбастаушысы қызметін атқарды. Осындай нақты бағыт-бағдар жас мемлекетті экономикалық салада, әлеуметтік ортада, саяси кеңістікте үздік нәтижелерге жетеледі. Елді сауатты стратегиялық жоспарлармен алдыңғы қатарға шығару, саяси-экономикалық тұрғыда тұрақты елге айналдыру кез келген басшының қолынан келе бермейтін шаруа. Ендеше бұл мәселеде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін еткен еңбегін, төккен терін сараптай беріңіз. Толағай табыс, биік абыроймен көшбасшылық сапқа іліккен мемлекет үшін енді жаңа көкжиектер көрінді.
Ол әрине, ең алдымен, ұлттық идея, ұлттық код, рухани жаңғыру. Бұл дегеніңіз , Елбасы айқындап бергендей: «... ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы». Латын графикасына көшу, «100 кітап», «100 есім» идеяларның қолға алынып, іске асырыла бастауы да рухани жаңғырудың бастауы. Латын графикасы әу бастан қазаққа жат емес. Оның қолданысқа енуі үлкен жеңіс. «100 кітап» жаңа қаламгерлердің, жас қаламгерлердің қатарын көбейтеді, қазақ әдебиеті, мәдениеті мен ғылымының тынысын кеңейтеді. Ал, «100 есім» елдегі жаңа жұлдыздардың жарқырауына мүмкіндік. Ол жұлдыз әр саладан, әр өңірден жарқырайды. Яғни, бәсекеге қабілетті, талантты, идеяға бай, бойындағы жігері жалындап тұрған кез келген қазақстандыққа танымал болудың, ісін, идеясын алға ілгерлетудің жаңа мүмкіндігі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» адамзаттың рухани кемелденуіне арналған жоба.
Елбасымыздың сарабдал саясаты ұлтты тағы бір мәрте марқайтты. Ұлттық идея қазақстандықтарды бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы секілді ұлы мұраттар жолында тоғыстырды. Ендігі жерде Қазақстан халқы «замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға» ұмтылады.
Бәсекеге қабілеттілікті біз бұған дейін экономикалық тұрғыда озық болу, саяси тұрғыда алғыр болу өлшемімен таразылап келсек, енді бұл бәсекеге қабілеттілік таза адами факторлармен сараланатын кезеңге аяқ басты. Біз енді табиғи қазба байлықтарымызбен емес, интеллектуальдық қабілет қарымымызбен бәсекелесетін боламыз. Бұл «болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»-деген сөз.
...