Қазақстанның көшпелілік мәдениеті- қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде
Автор: zarinanalibaeva1 • Сентябрь 23, 2020 • Доклад • 436 Слов (2 Страниц) • 3,507 Просмотры
НАЛИБАЕВА ЗАРИНА, КЯ- 19 ОҚУ ТОБЫ.
"Қазақстанның көшпелілік мәдениеті- қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде"
Қадым заманнан бүгінге дейін жер шарын мекен еткен жұрттардың бірі - көшпелілер. Ұланғайыр атырапты қоныс көріп, бір жерден екінші жерге ұдайы көшіп отырған көшпелілер артына қандай мəдениет қалдырды? Қазақстан аумағын ежелден көшпелі халықтар қоныстанды. Қазақ халқының мəдени мұрасының қалыптасуында көшпелілік мəдениетінің рөлі қаншалықты?
Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халықтың өмір салты көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі халықтар Еуразия кеңістігіндегі өркениеттің дамуына әсер ете алды. Олар бұл өлкеде көш жолдарын түзді. Ол жолдар алыс қашықтарға ақпарат жеткізу құралына айналды. Сауда дамыды. Бір құрлықты мекендеген əр түрлі аймақтардың мəдени өмірі мен өркениеттерін бір-бірімен жалғастырған, материалдық жəне рухани құндылықтарымен танысуына себеп болған осы көшпелілік мəдениеті.
Қазақстанның соңғы үш мың жылдықтағы тарихы мен мәдениеті көшпелілікпен тығыз байланысты. Ел аумағындағы халықтың тұрмысының, психологясының және менталитетінің, мәдени дәстүр-салтының негізі көшпелі өмір салтынан бастау алады.
Адамның өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне икемделуі, бейімделу механмзмдері мәдениеттің белгілі бір түріне қарай жүзеге асады. Көшпелілік мəдениеті қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарының дамуына, қалыптасуына әсер етті деп айта аламыз. Бір-бірімен байланыстағы бұл құбылыстар мен үдерістердің нәтижесінде қазақ халқы кеңістікті бағдарлау, географиялық мүмкіндіктер сияқты бірегей қасиеттерге ие болып, соның арқасында олар көшпелі мәдениет экологиясынан туындаған географиялық нысандарға ат беріп, ерекше топонимикалық атаулар тауып, терминдер жүйесін қалыптастыра алды.
...