Қазақстанның график-суретшілері
Автор: Moldiir • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 1,616 Слов (7 Страниц) • 669 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛГІ
«ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Журналистика факультеті
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік
өнер кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырып: Қазақстанның график-суретшілері
Орындаған: Асқарова Мөлдір
Тексерген: Дәурен Мұхамеджанов
Алматы 2021
Мазмұны
Кіріспе
- Графика өнері
- Графика өнерінің қалыптасып,дамуы
- Қазақстандағы график суретшілер
- Әйгілі график суретші Әбілхан Қастеев
- Фатима Тарази
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Графика ұғымы суретшілердің жұмысының өте кең және әр алуан шеңберін қамтиды.Ерекшелігі біз графикамен барлық жерде кездесеміз.Мысалға,газеттегі суреттемелер,кітапта кездесетін иллюстрациялар,түрлі тауардың орамасында,тіпті, көшедегі плакаттарда да графиканың өзі. ХХ ғасырдың басында социалистік қатынас пен кеңес билігі пайда болуы кезеңінде қазақтың ұлттық мәдениеті қалыптаса бастаған болатын.Негізінде графиканы Қазақстанда кеңінен таралып келген бейнелеу өнерінің алғашқы түрі деседе болады. Сөйтіп,бертін келе, кескіндемешілер ұжымы қалыптасты. Бірақ,ол кездері суретші графиктердің жұмысы нобайлармен шектеліп отырған болатын.Алайда, әр жасалған еңбектердің арқасында бұл сала өз жолын тауып,дами бастады. Бұл графикаға Қазақстан суретшілерінің қосқан үлестері зор деседе болады. Еліміздің графика өнерін дамытып,осы салада еңбек етіп жүрген суретшілерді атайтын болсам: И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисамединов, К.Баранов, А.Смағұлов, Т.Ордабеков, деген сынды. Бүгіннің күннің өзінде графика өнері, мүсін өнері мен бейнелеу өнері секілді қарқынды дамып отыр. Тіпті онсыз адамзат өз өмірін көз алдына елестете алмайтындығы сөзсіз.Кез келген кітап,газет,журнал немесе плакаттарда парақтап қарайтын болсақ,мәтіннің мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін суретті,яғни, графикалық туындыларды көруімізге болады.
Негізгі бөлім
Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Әбілхан Қастеевтің шығармалары,еңбектері ерекше орын алады. Сол себепті, Ә.Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен танымал. Соған орай, ол өзінің өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған болатын. Әр түрлі портрет,картина, пейзаж немесе кітап иллюстрациясында тынбай жемісті еңбек етті. Қастеевтің суретші болуына ,халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің апасының ықпалы зор болған деседі. Және ол өз бағын сынау мақсатында Алматы қаласындағы Хлудовтың шеберханасында оқуға кетеді. Содан оның шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңдерінде көзге көріне бастады,таныла бастады. Еңбектерін атап кететін болсам: «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Қарындас портреті» деген секілді керемет туындыларды өз қолынан шығарған.
...