Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері
Автор: maksatizimgul • Апрель 6, 2024 • Практическая работа • 1,116 Слов (5 Страниц) • 116 Просмотры
«Түркілердің мәдени мұрасының
еуропалық және исламдық әлемге
әсері»
Еуропалық әлемге әсері | Исламдық әлемге әсері |
1. Соғыс: XV ғасырда түріктер құрған Осман империясы Еуропа мен ислам әлеміне әскери стратегиялар мен технологиялар тұрғысынан айтарлықтай әсер етті. Олардың яничарлар сияқты күшті атты әскер отрядтарын қолдануы және мылтық сияқты ауыр артиллериялық қару-жарақ жасау әскери өнердегі революциялық өзгерістер болды. 2. Киім: Түркі мәдениеті Еуропа мен ислам әлеміндегі киім стиліне айтарлықтай әсер етті. Мысалы, Түркиядағы және басқа түркі елдеріндегі дәстүрлі киімдер, мысалы, шалварлар (кең шалбар) және фешендер (ұзын жейделер) танымал болды және әлемнің басқа бөліктерінде сәнге айналды. 3. Тіл: түркі тілі Еуропа мен ислам әлемінде бірқатар тілдік элементтердің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Мысалы, түркі тіліндегі бірқатар сөздер мен сөз тіркестері араб, парсы және басқа тілдерден алынған, бұл олардың лексикасы мен грамматикасында көрініс тапқан. 4. Пісіру: Палау, лагман және барбекю сияқты түркі тағамдары да еуропалық және исламдық тағамдарға әсер етті. Түрік флюгерінің көптеген тағамдары, соның ішінде дәмдеуіштер мен дәстүрлі ингредиенттерді қолдану әртүрлі аспаздық дәстүрлерге қабылданды және біріктірілді. Кеңес: түркілердің мәдени мұрасының әсерін тереңірек түсіну үшін түркі тарихының тарихи және мәдени аспектілерін және Еуропа мен ислам әлемімен қарым-қатынасты зерттеу ұсынылады. | түркі ғалымдары мен ақындары парсы тіліне жүгіне бастады. Сөйтіп түркі тілі араб бен парсы тілдерінің ықпалында өз болмысынан алыстап кете берген заманда түркінің Қара хан әулеттері билікке келіп(840-1212), түркінің ұлттық болмысын сақтап қалу жолы тек қана елінің тіл, дін, діл бірлігі екендігін алға тартты. Сол себепті Қара хан мемлекетінің дінін «Ислам сұнни ханафи» етіп жариялады. Түркі тілінде шығармалар жазылуын ескертті. Бұл кезеңде Жүсіп Баласағұн дидактикалық «Құтты білік», Махмұд Кашғари «Диуан лұғат түрік», Қ.А. Йәсауи сопылық сарындағы «Хикмет» туындысын түркі тілінде жырлап шықты. Сөйтіп олар түркілік сананың ояну жаңа кезеңінің бастау бұлақтары болып тарих жадында қалды. Сол кездегі саяси билік пен зиялы қауым өздерінің көздеген мақсатына жеткеніне тарих куә. Өйткені түрік халықтары қазіргі уақытқа дейін ислам сұнни ханафи мәзһабта түркі тілі мен әдет-ғұрыптарын сақтап келеді. Сол кезеңдегі әдеби шығармалар әдебиеттің ұлттық идеологияны іске асырудағы маңызды құрал екендігін де дәлелдеп берді. Қ.А.Йасауи түркілердің исламдық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Қ.А.Йасауи шығармасының артықшылығы да оның исламдық мазмұнында болғандығы. Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиеті Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333), Жүніс Әмре(1238-1320) сынды мемлекетшіл сопы-ақындар Орталық Азия мен Анадолыда Түркілердің рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар Йасауидің ислами тәлімдері қазақ даласына Бекет Ата (1750-1813) арқылы кең тарады. Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің «ренесанс-қайта өрлеу» дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850) алгебр мен логаритм ғылымын дүниеге алып келді. Әбунәсір Әл- Фараби(870-940) философия, логика, музыка секілді салалардың жаңа биігін қалады. Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50) тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылыми салаларда энциколопедист ғалым ретінде адамзат ғылымына орасан зор үлес қосты. Әбу Әли ибн Сина(980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз. Сол кезеңдерде Ислам әлемінде ғылымның даму барысын зерттеген Жорж Сартон исламның ғылыми кезеңін жетіге бөліп, әр кезеңді оның бастауына ғылыми жаңалық алып келген бір ғалымның атымен атады. Онда: 1. Жабыр ибн Һәйян кезеңі VIII ғасырдың екінші жартысы, 2. Мұхаммед Харезми кезеңі IX ғасырдың бірінші жартысы, 3. Зәкерия Рази кезеңі IX ғасырдың екінші жартысы, 4. Мәсһуди кезеңі X ғасырдың бірінші жартысы, 5. Жузжани кезеңі X ғасырдың екінші жартысы, 6. Бируни кезеңі XI ғасырдың бірінші жартысы,7. Омар Хәйям кезеңі XI ғасырдың екінші жартысы,-деп көрсетті. Адамзат ғылымына нұрын шашқан аталған кезеңдерде араб, парсы, түркі ғалымдары қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан ислам дінінің өркендеуіне жүрек қалауымен де санасының таңдауымен де аянбай қызмет жасады. Соның арқасында бір жағынан әлемдік ғылымның қарқынды дамуына негіз қалаған болса, екінші жағынан өздерінің де әлем өркениеті керуенімен ілесіп жүре берулеріне мүмкіндік жасап қойды. Оған дәлел орта ғасырда шығармаларын түркі тілінде жазып түркілік әдебиетке бастау бұлақ болған: Жүсіп Баласағұн, Махмұд Кашғари, Қожа Аһмет Йасауи шығармалары. Әрі XV ғасыр аясында әлемге мәшһүр болған ең соңғы даналары Әлішер Науаи, Ұлықбек, Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр және Мырза Хайдар Дулат есімдерімен сабақтасды. Түркістан өлкесінде туып- өскен ұлы даналардың Ислам өркениетіне қосқан үлестері үш топта көрініс тапты. Бірінші тобы- шығармаларын араб тілінде жазғандар. Олар: Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850), Әбунәсір Әл- Фараби (870-940), Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50), Әбу Әли ибн Сина(980-1037). Екінші тобы- туындарын парсы тілінде жазып мұра қалдырғандар. Олар: Низами Гәнжи(1141-1209), Маулана Жәлаледдин Руми(1207-1273), Мырза Хайдар Дулат(1499-1551), үшінші тобы- еңбектерін Түркі тілінде жазған түркі ақындары мен ғалымдары. Олар: Жүсіп Баласағұн «құтты білік», Махмұд Кашғари «диуан лұғат түрік», Қожа Аһмет Йасауи(1041-1167) «хикмет», Әлішер Науаи(1441-1501), Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр(1483-1530). Сондықтан IIX-XV ғасырлар арасында Ислам өркениетінің ұлы жетістіктері араб, парсы және бүгінгі түріктектес халықтарының ортақ рухани қазнасы болып саналады. Сол кездегі саяси билік пен зиялы қауым өздерінің көздеген мақсатына жеткеніне тарих куә. Өйткені түрік халықтары қазіргі уақытқа дейін ислам сұнни ханафи мәзһабта түркі тілі мен әдет-ғұрыптарын сақтап келеді. Сол кезеңдегі әдеби шығармалар ұлттық идеологияны іске асырудағы маңызды құрал екендігін де дәлелдеп берді. Фирдауси өз шығармасымен парсы жұртының ұлттық санасын оятып, елеулі қызмет жасады десек Қ.А.Йасауи Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Оның шығармасының артықшылығыда оның исламдық мазмұнында болғандығы. Бұл әлем әдебиетінің ең озық, ескермейтін, адамзаттың тура жолдан адаспауына мәңгі шамшырақ бола алатын шығарма. Өйткені Ислам діні адамды ұлт пен ұлысқа, бай мен кедейге бөлмейді, Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі иманы берік, жаны таза, тақуа адам екендігін насихаттайды. Сондықтан «Хикмет» ұлттық та, таптық та шығарма емес, ол адам руханиятының шыңдалуына арналған туынды. Сол үшін Түркінің ортағасырлық әдебиеті де Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиетінің жалғасы. Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333), Жүніс Әмре(1238-1320), Бекет Ата(1750-1813) сынды сопы, ақындары Орталық Азия мен Анадолыда Түрік халықтарының рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сол үшін Ислам өркениетіне түркілер бүгінгі заманға дейін қомақты үлестерін қосып келе жатқандығы олардың ата-бабалары салған сара жолдың жалғасы екендігін көрсетеді. Түркілер тек қана білім мен ғылым саласында қорғаумен шектелмей исламды саяси тартыстардың қыспағынан аман-есен алып шығуға айтарлықтай ерлік жасап, қанды шайқастарда ұлы жеңістерге жетелеп отырды. Түркілер арасынан исламның нығаюы мен даму жолында аянбай тер түкен көптеген тұлғаларды атауға болады. Ислам діні әлемнің төрт тарапына қанат жайып, беки түсуіне Ислам тарихындағы төрт халифадан (шәдияр- Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, оларға Алланың раһметі жауғай) кейін : Қара хан Боғра, Сейфеддин Құтз, сұлтан Бейбарыс, II сұлтан Мұхаммед фтиһ(жеңімпаз) Ислам дінінің өрлеуіне ерекше үлес қосып, исламның жаңа бір белеске көтерілуіне негіз қалады. Тарихқа шынайы, адал көзбен қарар болсақ Ислам өркениетінің қалыптасуына, дамуына, жетіліп, қанат жаюына араб, парсы және түркі елдері қоян-қолтық бір мәдени-рухани кеңістікте, қайшылықтарға толы саяси қақтығыстарға қарамастан даналары мен қарабайыр жамағаты Исламның мөлдір бұлағынан сусындай отырып, қызмет жасап ұшан-теңіз үлес қосты. Ислам діні бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін қан мен тері, жан мен тәні, жүрек пен санасы арқылы делелдеп келе жатыр. |
...