Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түбі бір,түркіге ортақ -Мағжан!

Автор:   •  Октябрь 28, 2022  •  Реферат  •  296 Слов (2 Страниц)  •  282 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                Түбі бір,түркіге ортақ -Мағжан!

Түркістан -Оңтүстің ғана емес,күллі түркі елінің рухани астанасы.Түркістанды ел “кіші қажылық”деп те жатады. Жақында ғана “Түркістан” облыс аталып, төбемізді көкке жеткізіп тастағаны рас.Бұл жаңалыққа қазақ халқы ғана емес, күллі түркі жұртшылығы да қуанды.Қуанышымызға қашан да ортақ еліміз - Түркі қандастарымыз.

    Түркістанның киелілігін , Мағжан атамыз өз заманында-ақ,  өзінің әсем жырымен дәлелдеп тастады. Түркістанның  14-15ғасырларда “Тұран” атыменен танылғанын, алтын тақ  кезінен білеміз. Кезінде,ата-бабаларымыз соғыс алдында Тұран да жатқан, Йассауи бабымызға барып мінәжат етіп барып, аттанатын болған. Мүмкін Тұранның киелілігі ме әлде Қожа Ахмед Яссауи бабымыздың қасиеті ме?! Сонау 15ғасырда Керей мен Жәнібек хандарымыз қан төгіссіз Сығанақ қаласын жаулап алған болатын. Мағжан атама тоқтала кетсем:  Мағжан Жұмабаев  өз өлеңдерімен,жалындап тұрған жастарды қанаттандырып,жастайынан  тәлім -тәрбиенің  не екенін ұқтырады.

     Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.  

 «Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.  

Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Өткен және келер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.  

М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.  

Түркістанды екі түрлі ұғыммен түсінеміз:

1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.

2. Тұран жері – түркілердің елі

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Ақсақ  Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (42.9 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club