Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рухани және материалдық мәдениет

Автор:   •  Октябрь 6, 2021  •  Лекция  •  1,071 Слов (5 Страниц)  •  620 Просмотры

Страница 1 из 5

   Ұлттық мәдениет – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраларының жиынтығы. Мәдениет материалдық және рухани деп екіге бөлінеді.

                                МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ
  Материалдық мәдениет – адамның қолынан жасалған құндылықтардың жиынтығы. Енді материалдық мәдениеттерге қысқаша тоқталып кетейік.

                                                        КИІЗ ҮЙ            

   Материалдық мәдениет дегенде бәріміздің есімізге тұрғын үй түсетіні анық. Көшпенділердің ең бірінші сәулеттік құрылысы – киіз үй. Киіз үй  тез жиналатынымен және кез-келген ауа-райына ыңғайлысымен ерекшеленеді. Киіз үйдің 2 қанаттан 30 қанатқа дейінгі түрлері кездеседі. Сонымен қатар, киіз үйдің ішіндегі сандық, көрпе және тағы басқалары материалдық мәдениетке жатады.[pic 1]

       [pic 2]

                                      МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР

   Ұлттық музыкалық аспаптардың әрқайсысының әуенділігі мен саздылығы бар. Аспаптарды тек музыка үшін ғана емес, жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аң үріткенде пайдаланып отырған.        

                 [pic 3]

  • Домбыра ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті аспап.

                       

                     

                                             [pic 4]

   Қылқобыз – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабы. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап.

 

                      [pic 5]

  Жетіген қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыкалық аспап. Жетігеннің шығу жайында неше түрлі аңыздар бар, соның бірі: Ерте заманда қарияның жеті ұлы өлген кезде шығарған аспабы.

                                                 ЫДЫС – АЯҚ

  Ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені дәстүрлі наным-сенім бойынша аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Ыдыс-аяқтар көшпелі тұрмыстың талаптарына сай көбінесе ағаштан және теріден жасалған.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club