БАҚ және тіл мәдениет
Автор: Маржан Курмантай • Сентябрь 10, 2025 • Курсовая работа • 4,210 Слов (17 Страниц) • 2,008 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылыми жоба
Тақырыбы:БАҚ және тіл мәдениет
Студенттің аты-жөні:Құрмантай Ақмаржан
Жетекшісі:Дюсембина Гүлсамал Ерболқызы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті
2.2.БАҚ жарияланымдарындағы тілдік қақтығыстар
2.3.БАҚ-дағы мемлекеттік тіл мәселесі
III.Қорытынды
3.БАҚ саласындағы қателіктерден құтылу мен тіл мәдениетін сақтау жолдары.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ғылыми жобаның сипаттамасы. Біздің зерттеу нысанымызға алған ғылыми жұмысымыздың тақырыбы “БАҚ және тіл мәдениеті” деп аталады.Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі мен маңыздылығы ешқашан тысқары қалған емес. Қай халық болса да бұл мәселеге баса назар аударып, оны дамытудың жолдарын қарастырып келеді. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.Біз өзіміздің ғылыми жұмысымызда БАҚ жарияланымдарындағы тілдік қақтығыстар мен тіл тазалығын сақтау мәселелерін қарастырамыз.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде әлеуметтік пен цифрлы медианың, жаңа ғылыми технологиялардың журналистика платформасына елеулі өзгерістер әкеліп, жаңашылдық тудырғаны жасырын емес. Тілдік қақтығыстар көбіне ауызша (диалог) түрде яки жазбаша түрде (БАҚ беттері) жүзеге асады. Негізінен, БАҚ қоғамда өте маңызды рөл атқаратын қуатты құрал болып табылады. БАҚ-тың басты мақсаты – тілдік құралдарының көмегімен халыққа, оқырман қауымға ықпал ету және әлемде болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар ету, қоғамдық пікір қалыптастыру. Олай болса,қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін БАҚ құралдарындағы кемшіліктер біз үшін аса өзекті тақырыптардың бірі деп санаймыз.
Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері. Тілдің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы тұрғысынан қарағанда бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы мен қоғамдық санаға өте күшті әсер етеді. Әйтсе де сөз қолданысындағы жауапсыздық, талғамсыздық өріс алып отырғанын жасыруға келмейді.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы шарт:
- БАҚ-тардың айтар және жазар тіліндегі кемшіліктердің болдырмау;
- біртұтас әдеби тіл нормасының қалыптасып, дамуына үлес қосу;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тіл білімінде тіл мәдениеті пәнінің зерттеу объектісі мен мақсат-міндетерін айқындаған ғалымдардың алғашқыларының бірі – М.Балақаев болса, тіл мәдениеті ілімінің теориялық әрі практикалық мәселелерін әлеуметтік-қоғамдық сұранысқа сәйкес зерттеген ғалымдардың қатарына Р.Сыздық есімін ерекше атауға болады. Ал тіл және сөз мәдениетін айырмашылығын, оның коммуникативтік, прагматикалық, лингвокогнитивтік, лингвоэкологиялық, этикалық аспектілерін, сонымен қатар ғылыми-теориялық негіздерін алғаш рет қазақ тіл білімінде айқындап берген ғалым – Нұргелді Уәлиұлы. Ал, БАҚ құралдарында мағынасыз сөз,байлаусыз сөйлем соңғы кезде қазақ телехабарлары мен радиосын жаулап алғандығы жөнінде Л.Дүйсембекова,тіл мәдениетінің мәселедері жөнінде А.Б.Бейсенбай, БАҚ-тағы сөйлеу және жазу мәдениеті қай деңгейде екеніне С.Оразалин, К.Құрманәлиев, Т.Құлияс, С.Батыршаұлы, М.Ахмет-Төре, С.Ерғали сынды қоғам белсенділері өз пікірлерін білдірді.
Қорғауға ұсынылатын ой-тұжырымдар.
- Теле-радиоарналар мен мерзімді баспасөз беттерінде, электронды БАҚ-та ресми және басқа да хабарларды мемлекеттік тілде тарату және насихаттау кезінде тіркелетін қателерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, себептерін анықтауды қамтамасыз ету міндеті белгіленеді.
- БАҚ өкілдері үшін танымал сала мамандарын, медиатренерлерді, осы саланы зерттеп жүрген лингвист-ғалымдарды тарта отырып, арнайы оқу курстарын ұйымдастырады
- Тіл саясаты комитеті сонымен бірге еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралының назарына хабар тарату кезінде «Termincom.kz», «Еmle кz», «Sozdikgor.kz» сайттарын пайдалану керектігін айтылады.
...