Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Материалдық және жылулық баланстарын құрастыру арқылы домна шихтасын есептеу

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  4,815 Слов (20 Страниц)  •  1,221 Просмотры

Страница 1 из 20

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекетік индустриялық университеті

Кафедра «Металлургия және материалтану»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Шойын өндіру теориясы және технологиясы» пәні бойынша

Тақырыбы: «Материалдық және жылулық баланстарын құрастыру

 арқылы домна шихтасын есептеу».

№14 нұсқа

Орындаған

М-15к - 1 тобының студенті:

Көбехан А.Ж.

Тексерген:

Проф. Артықбаев Ө.А

Теміртау 2017

МАЗМҰНЫ

       

        Кіріспе

1.

1.1

1.2

1.3  

Теориялық бөлім

Пешті жалпы бейнелеу

Шихтаны тиеу және жадығаттардың колошникте таралуы

Домна пешінің технологиялық сорабы                            

2.

2.1

2.2

2.3

2.4

Есептеу бөлімі

Шихтаны, колошник газының құрамы мен мөлшерін

және үрлемені есептеу

Колошник газының құрамы мен мөлшерін және үрлеменің мөлшерін  есептеу                  

Жадығаттық баланс                                          

Жылылық баланс

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                                                                                                                                                                    

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамының материалды өрлеу мәдениеті, техника өндірісінің     және еңбек құралдарының пайда болуы әр түрлі материалдардың қолда-нылуымен байланысты. Қара металдар адамдар мен табиғаттың жаратуынан пайда болған көптеген материалдардың ішінде  темірдің көміртекпен және де басқа элементтермен балқуымен ерекшеленеді. Балқудың негізін темір құ-райды, ал көміртек, кремний, марганец, күкірт, фосфор және басқа да эле-менттер қосындылар болып табылады. Балқымада көміртектің мөлшеріне байланысты қара металдарды шойын және болат деп бөледі. Көміртек мөл-шері 2-5% және одан да жоғары балқымалар шойынға, ал көміртек мөлшері 2% және одан төмен балқымаларды болатқа жатқызады.

Қазіргі уақытта қара металды қолданбайтын бірде-бір халықтық шаруашылық саласы жоқ. Өндіріс, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы және еліміздің қорғанысы қара металдардың өте үлкен мөлшерін қажет етеді. Сондықтан қара металлургия еліміздегі барлық өндірістердің негізі болып табылады. Қара металдарды кеңінен қолдану олардың жоғары механикалық қасиеттерімен, шикізаттың көп таралуымен және темір кендерінің шойын мен болатта өңделуімен түсіндіріледі.

Қазіргі таңда барлық өнімді қара металдан домна пешінде кендерді балқыту арқылы алынған шойыннан, ал шойынды қайта балқыту арқылы алынған болаттан жасайды. Құю арқылы болаттан түрлі бұйымдарды жасап шығарады.

Кеннен темірді тікелей жолмен алу, қара металдарды екі сатылы жол-мен алу әдісіне қарағанда экономия жағынан тиімді, өйткені домна өндірісі әлі көптеген жылдар бойы еліміздегі қара металлургияның негізі болады. Домна пеші жұмыстық кеңістігі жоғары созылған, ішінде қарама-қарсы ағын ұста-нымы жүзеге асатын шахта тектес балқыту агрегаты.

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Пешті жалпы бейнелеу

Домна пешінің құрылмасы мен құрылысы

Шойынды шихталық пештерде балқытады. Домналық балқыту процесі үздіксіз процесс. Пештің жоғарғы жағынан шикі жадығаттарды (флюстенген агломерат және кокс) тиейді, ол төменгі бөлігіне фурмалар арқылы қызды-рылған ауа мен сұйық газ немесе шаң тәрізді отын береді. Отынның жануынан пайда болған газдар шихта бағанасын аттап өтеді де оған өзінің химиялық және жылулық энергиясын береді. Төмен түскен шихта қызады, тотықсызданады және балқиды. Кокстың бір бөлігі пеш ішінде темірдің және басқа да элементтердің  тотықсыздануына жұмсалынады, бірақ оның мөлшерінің дені фурмаларға жетіп, жанып кетеді. Қазіргі пеш ішіндегі көп мөлшердегі шихта мен үрлеме жұмсалынатын қуаты  зор және өнімділігі жоғары агрегат.

...

Скачать:   txt (54.8 Kb)   pdf (653.8 Kb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club