Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет морфологиясы

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  6,349 Слов (26 Страниц)  •  4,228 Просмотры

Страница 1 из 26

Тақырып 1.Мәдениет морфологиясы -1сағат

Дәріс жоспары:

1. Мәдениеттің қалыптасуының басты заңдылықтары.

2. Мәдениеттің басты қызметтері мен негіздері.

3. Мәдениеттанулық тұжырымдар өркениет феномені А. Тойнби, О.Шпенглер еңбектерінің түсініктемесі.

4. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс.

5. Мәдениеттің (дамуы) пайда болуы мен дамуының заңдылықтары.

Дәріс мазмұны:

Мәдениеттану қоғамдық – гуманитарлық пәндердің бірі болып, студенттік жастардың тарихи сана сезімін қалыптастыруға, яғни бүгінгі заман сабақтастығының талабымен түсінуге мүмкіндік береді. Мәдениеттану ілімінің теориялық қағидалары әлемдік және отандық мәдениет пен өркениет үлгілерінің тарихи тұрғысынан қарастырылып, талай ғасырлардың сын елегінен өткен мәдениеттің мейлінше бай тәжірибе – тағылымы туралы айтылады.

Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта жаңғырып өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру.

Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай- ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі.

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етүін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады.

Заман талабынан туындаған, философиялық білімдердің бір саласы ретіндегі мәдениеттану отандық білім беру жүйесінде өз алдына пән болып қалыптасып келеді.

Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан.

Мәдениет - ашық жүйе. Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа – сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениеттануда өзін - өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет ғұрыптар т.б.) мен оның ішкі мән мағынасы ( менталитеті, ділі, діні, санасы т.б.) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегідей тужырым жасауға болады: мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік үдіріс түрінде қарастырады.

Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіндік өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері бар.

Мәдениет - әр халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейінi-ісі, философия жүйелері мен рәсім - таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.

Мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде экономикалық мәдениет, парасаттық, саяси, этикалық, еңбек мәдениеттерін айтуға болады.

«Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құңдылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді»,- деп көрсетілген. Мәдениеттанудағы құндылықтар ілімі негізінен грузин ғалымы Н.З. Чавчавадзенің атымен байланысты. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосым) мен қоршаған ортаның (макрокосым) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберімен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға т. б айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.

Мәдениет термині қазақ

...

Скачать:   txt (76.4 Kb)   pdf (122 Kb)   docx (32.8 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club