Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Күлтегін», «Тонұқұқ» ескерткіштерінің аударылуы мен жариялануы

Автор:   •  Октябрь 10, 2020  •  Реферат  •  1,585 Слов (7 Страниц)  •  1,236 Просмотры

Страница 1 из 7

           Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

     Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

                               [pic 1]

    Реферат

Тақырыбы: «Күлтегін», «Тонұқұқ» ескерткіштерінің аударылуы мен жариялануы

Орындаған: Еркінова Құралай

Тексерген: Сағындық Н.Б.

                                     2020-2021 оқу жылы

        Ата-бабаларымыздың асыл қазыналарын зерттеуде біз неге көштен қалып жүрміз?

        Орхон ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерделеу ісі 1889-1891 жылдары Н.М,Ядринцев, А.Хейкел, В.В.Радлов басқарған экспедициялардан кейін тоқырауға ұшырады десек, қателеспейміз. 1975 жылы Орхон ескерткіштерінен Күлтегін, Білге қаған, Тонұқұқ ескерткіштері ЮНЕСКО-ның тізіміне алынып, оларға Моңғолия мемлекеттік мәдени мұраларды қорғау істері бойынша тек қана темір қоршау салынған.

Орхон-Енисей ескертіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың екінші жартысында басталды. Ең алғаш рет (1662 жылы) Орхон-Енисей жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.

        Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлыптастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Cібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт XVIIІ ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

        Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан Н.М.Ядринцев тапқан ескерткіштер – Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.

        Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М.Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Моңғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлыптасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда Онгин ескерткіші деп аталып кетті. Бұл тастағы жазу – түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған ескерткіш екен.

        Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзені аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тонұқұқ құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді.

        Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер, әсіресе, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше Европа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер – түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады.

        Өткен ғасырда Орхон, Енисей өзендерінің бойынан ғылымға белгісіз көне жазулардың табылуы түрік халықтарының тілі мен мәдениеті тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Бұл жазулар түрік халықтары – тексіз, нәсілсіз бұратана, олардың өзіндікң мәдениеті де, азаматтық тарихы да болған жоқ  дейтін пікірлерге соққы берді. Содан бері жетпіс жылдай уақыт өтіпті. Орхон-Енисей жазулары оқылды, бірнеше Европа тілдеріне аударылды, зерттелді, ол жайлы ондаған диссертациялар жазылды, жүздеген мақалалар, бірнеше арнайы кітаптар шықты. Орхон-Енисей жазуларының адамзат мәдениеті тарихындағы елеулі ескерткіштердің бірі екені қазір әлемге әйгі. Оның түрік тектес халықтардың, - қазақтардың да осы топқа жататыны белгілі, - бәріне бірдей ортақ мұра екені тағы әлемге әйгі.

        Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.

        Енисей, Орхон және Талас жазбаларынының тілі мен аударылуы туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептелінеді. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінге дейін бірізділік жоқ.

        Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.

...

Скачать:   txt (20.4 Kb)   pdf (141.5 Kb)   docx (34.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club