Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері

Автор:   •  Июнь 21, 2023  •  Реферат  •  580 Слов (3 Страниц)  •  370 Просмотры

Страница 1 из 3

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жаратылыстану факультеті

ОСӨЖ

Тақырып:

Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері.

Дайындаған:Нұрлан Аида

Факультет:Жаратылыстану

Группа:Хим05к/о-102

Оқытушы:Ешниязова А

Ақтөбе-2021

Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет

Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы –  халқымыздың  еркіндігі үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат-мұраты бар. Сонымен қатар қазіргі жаһанданудың аранына жұтылып кетпес үшін, ұлттық сана мен ұлттық мәдениет керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында міндеттеген тапсырмалардың бірі – “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” жобасы. «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениетте БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс», – деп жазды Н.Назарбаев.

Қазіргі заманғы бәсекелік қабілет дегеніміз – экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіндік мәдени жетістіктермен әлемге танылу. Қазақстан дамуының жаңа кезеңі сыртқы саяси бастамалармен байланысты брендтерді ілгерілету ғана емес, қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері мен жетістіктерін көрсету арқылы мемлекеттің танымалдылығын арттыруды көздейді. Мұндағы әңгіме ғылым, әдебиет, көркемөнер мен музыка, театр, кино және т.б. қамтитын ұлттық мәдениеттің кең мағынасында айтылады. Мәдениеттің үздік үлгілерінде, халық шығармашылығында, тарихында, музыка, әдебиет, кескіндеме, театр, кино өнеріндегі озық туындылар Қазақстан мен ұлттық бірегейлігіміз туралы тұрақты ассоциациялар мен бейнелер қалыптастыруға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда ел іргесі бекіп, экономикамыз тұрақтап, бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан біз үшін басты парыз, нақты мақсат – ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру. Бұл үшін әрбір қазақ азаматы отбасылық тәрбиені мықтап қолға алғаны жөн. Сонда ғана біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесімізді қоса алатын боламыз.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (49.4 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club