Ежелгі түркі мәдениеті және оның ерекшеліктері
Автор: Акгуль Арыстан • Март 13, 2022 • Реферат • 415 Слов (2 Страниц) • 616 Просмотры
Ежелгі түркі мәдениеті және оның ерекшеліктері
Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Осыған сәйкес, мәдениет негізі табиғатпен егіз қозыдай. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошақ басы құдайы Ұмайға табынған. Бұл үрдістер түркі тайпаларының қазіргі кездегі халықтарының салт-дәстүрлерінен байқалады.
Ежелгі көшпелі түркі халықтарында да мәдениетті шартты екіге: рухани және материалдық деп бөлеміз. Көшпелілердің рухани мәдениеті бай болып келеді. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Түркілерде отырықшы елдер сияқты жазу ерте пайда болды, бірақ объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда кеңінен дами алмады. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға, яғни ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыстарға ойып, сызып жазылған. Ондағы жазылған әдет-ғұрып, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері, бәрі-бәрі біздің халқымыздың тіршілігіне қатты ұқсас. Негізінен олардың рухани мәдениеті - шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды. Осы жерден қазақ ауыз әдебиетінің түп тамыры қайда жатқанын көре аламыз.
Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Және де мекендеген аумағына қарай да әртүрлі мәдениет атаулары қалыптасқан. Мысалға Беғазы-Дәндібай мәдениетін алайық. Ол тау тегіндегі тұратын халықтардың өзіндік күн көрісінен қалыптасқан. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен, мәйіттің жанына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен де айрықшаланады.
...