Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мемлекеттілігі және Ресей империясы

Автор:   •  Ноябрь 8, 2022  •  Реферат  •  847 Слов (4 Страниц)  •  266 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1] 

 

«Астана Медицина Университеті» АЕҚ

 

 

 

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар  кафедрасы

 

 

Орындаған:Мұқаш Әділ

   Тексерген:Камзаев Бекжан Канатович

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мемлекеттілігі және Ресей империясы                                                                 

17 ғасырдың аяғында орыс-қазақ саяси қарым-катынасы екі мемлекеттеде билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер келген кезде жанданды.Жалпы 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке ханмен Петр І арасында бес елшілік сапар алмасу болды,алайда бұл берік саяси байланыс жасауға тиісті ұмтылыс бермеді.Нәтижесінде Ресей Жоңғар хандығымен жақындаса бастады.18 ғасырдың басында орыс патшасы империалисттік мақсатпен қазақ жерлеріне,нақтырақ айтсақ Ертіс өзені бойына бірнеше экспедициялық барлау жібереді.                                                                        Ресей патшалығының қазақ жеріне алғаш экспедицияларының бірі 1715 жылы шілде айындағы  Иван Дмитриевич Бухгольцтын Ом өзені жағасына бағытталды.Империяның оңтүстік-шығыс шекарасын жоңғар шапқыншылығынан сақтау мақсатын сылтау етіп 1716 жылы-Омбы,1718 жылы-Ертіс,1720 жылы-Өскемен сияқты 3 негізгі әскери бекіністер бой көтерді.                                                                                                        Ресеймен қатынасты нығайтуға бұл кезде кіші жүзден бөлек орта және ұлы жүзде қызығушылық танытқан болатын,себебі қалмақтардың және көрші жатқан Орта Азия хандықтары шапқыншылықтары қазақ хандығын әбден тоздырған болатын.1730 жылы 8 қыркуйекте Әбілқайыр Ресейге бодан болу туралы өтінішпен елшілік жібереді.1731 жылы кіші жүздің еркін бодан болу туралы грамотасы қабылданады.1734 жылы 10 ақпанда патшалық Ресей Ұлы жүздің бодандығы туралы құжатқа қол қояды.1740 жылы Орынбор маңындағы сьезде Әбілмәмбет ханмен Абылай сұлтан Ресейге бодандығы туралы ант қабылдады.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып Неплюев генерал тағайындалды.Әбілқайр ханды толығымен басып,беделін түсіру үшін 1748 жылы оған орта жүз сұлтаны Барақты қарсы қояды.Торғай өзендері арасындағы қақтығыста Барақ Әбілқайыр ханды өлтіреді.1749 жылы кіші жүз тағына патшалықтын айтқанын толықымен орындайтын,тәуелді Нұралы хан отырады.Орта жүздің кей аймақтары Ресей құрамына тек 19 ғасырдың 20-40жылдары әскери күш арқылы қосылды.                                                                        Патша өкіметі қазақ даласын толық басқарудың алғашқы кезеңі протектораттық кезі 1731-1822 жылдар жүрді,яғни формальды түрде болса да көмек беру және қамқорлық көрсету болды,хандық жүйе сақталып,ішкі істерге араласпай тұрған кез.Ал тәуелділік ноқтасын біржолата қазақтың басына біржолата кигізуі 1822-1867 жылдар жүрді.1824 жылдардағы Сперанскийдің «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы»,1822жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»-деген құжаттар бойынша орта және кіші жүздегі хандық билік жойылды.Кіші жүзде Шерғазы хан, орта жүзде Аға сұлтан деген қызмет енгізілді.Орта жуз жекелеген округтерге бөлініп Омбы қаласы ішкі округы саналды.1847 жылы орта жүз қазақтары басым бөлігі орыс бодандығына өтіп,1863-1864 жылдары полковник М.Черняев Қоқандық бекіністерді басып алып Ташкентке жылжиды.1865 жылы патша офицеры М.Веревкин Түркістанды бағындырады.Ұлы жүзді қосып алу осылай аяқталады.1854 жылы Омбы облысы Семей және Сібір облыстары юолып 2-ге бөлінді,олар өз кезегінде 4 округ,15-20 болыстар,10-12 ауылдар болып бөлінеді.Бұл жүйе 1868 жылғы реформаға дейын сақталып келді.Жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыс,уез,болыс,ауыл болып бөлді.Жаңа 3 генерал-губернаторлық :Түркістан,Орынбор,Батыс-Сібір құрылды.1891 жылы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа ережелерде империялық соттар жүргізілді,яғни заң сот жуйесінің толық патшалыққа бағынуы мен қоғамның ақсуйектері өздерінің толық биліктерінен айырылумен жүрді.                                                                        Осылай қазақ даласын Ресей империясы отарлауы 2 ғасырға жуықты камтыды.Қазақтын ұлттық құндылықтары, хандық басқару жүйесі,салт-дәстүрлері аяқ астына тапталды.Империалық саясат қазақ халқын қанап,тонаумен ғана айналысты ал саткын патшақұл би-болыстар ақша үшін туған елін сатып жіберді.Осы кезең қазақ халқына тар заман болды.Бірақ 20 ғасырда да жағдай жақсыға озгермеді,бір бодандықтан екінші бодандыққа өткен болдық.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (117.6 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club