XVIII-XIX ff Экспедициялык зерттеулердегi қазақ тарихынын мәселелері
Автор: gerai_89 • Ноябрь 23, 2018 • Статья • 1,742 Слов (7 Страниц) • 2,871 Просмотры
XVIII-XIX ҒҒ.ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кукетова Айгерім Алпысбайқызы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті докторанты
Қазақстан, Астана қ. gerai_89@mail.ru
XVIII ғасырдағы орыс зерттеушілерінің тарихи ойы, Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық–әдістемелік ұстанымдары өзгерді. Ресей империясына бодан болған қазақ халқының аумағын, шаруашылығын, олардың салт-дәстүрін, мәдениетін зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Себебі отарлау саясатын жүргізу үшін ең алдымен өлкені егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігі туындады. Осыған орай Қазақстанды зерттеудің отаршылдық мақсаты нақты айқындалды. Қазақстанды зерттеу тарих ғылымының ерекше саласына айналып, осы бағытта арнайы мамандар даярлана бастады. Кәсіби, қойылған мақсатқа сәйкес мамандарды дайындау үшін Петербор университетінде тұңғыш рет шығыстану факультеті ашылып, орыс шығыстануының негізі қалыптасты. Аталмыш кезеңде саясат алдыңғы орынға шығарылып, қазақ халқының тарихын зерттеудегі еуроцентризмге, шовинизмге, бұрмалаушылыққа қасақана жол берілді.
Қазақ даласын зерттеу бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар XVIII ғасырда ұйымдастырылды. Қазақстанның тарихын ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларының маңыздылығы жоғары. Өйткені ұқыпты қарауды, оларды суреттеу мен жинауды, әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге көршілес жатқан қазақ жерін зерттеу маңызды рөл атқарды.
Ресей империясы өздері бағындыруды көздеген елдің ішкі басқару жүйесі мен салт-дәстүрін толық зерттеді. Ондағы мақсаты – отарланушы халықтың осал тұсын табу, қоғамдық қатынастарды берік ұстап тұрған басқару жүйесін бұзып, салт-дәстүрін тәрк еткізу. Жоғарыдағыдай жауыз мақсатты көздеген патшалық Ресей Иван Грозный кезінен бастап, қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарын жинап, сұрыптап, танып-білу арқылы қазақ даласын отарлау саясатын көздеді.
Тақырыпқа қатысты зерттеулерді 3 кезеңге бөлуге болады:
Революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеулер ( XVIII ғ. ІІ жартысы - 1917 ж.);
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер (1917—1991 жж.);
Тәуелсіз кезеңдегі зерттеулер (1991 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін)
Бірінші кезеңге қатысты шығыстанушы әскерлер мен қоғамдық-саяси қайраткерлерінің зерттеулері жатады. Хронологиялық тұрғыда XVIII ғ. экспедициялардан бастау алады. Бұл кезеңде мынадай зерттеушілердің: А.И. Левшин [1], И.И. Неплюев,[2] П.И. Рычков [3], И.П. Фальк [4], П.С. Паллас [5], И.Г. Георги [ 6], И.Г. Андреев [7] еңбектерін қарастырамыз. Бұл кезеңдегі зерттеулерде эмпирикалық білімге басты назар аударылды. Осы зерттеулер арқылы Ресей империясы қазақ халқының тарихы, географиясы, тұрмысы туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Левшин еңбегін XVIII ғ. Орталық Азия аймағы туралы зерттеулердің негізі ретінде алып қарастырсақ болады. XIX ғ. 60 – жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жариялаған мәліметтер Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» еңбегінде жарияланды.
Осының нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С. Ремезев жазған «Сібір сызба кітабы» жарық көрді [8]. Онда географиялық деректермен қатар қазақ даласының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер келтірілген.
Бұдан кейін патша үкіметі Сібір халықтарының тарихына қатысты материалдарды жинау бойынша нұсқау берді. 1733 жылы Сібірге академик Г.Ф. Миллердің басқаруымен алғашқы, яғни бірінші академиялық экспедиция жіберілді. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л.Делаклоер, И.Фишер, геодезистер А.Красильников, А.Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген.[9].
XIX ғ. бұл мәселеге қатысты статистикалық мәліметтерді Сібір ведомтсвосы бойынша-М.Красовский, Орта жүз бойынша – М.Кузьминский, Бөкей Ордасы бойынша – Ханыков, Кіші жүз бойынша Бларамберг және Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты[10]
...