XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар: мақсаты және қорытындылары (Ф.Шербина, П.Скрыплев, П.Хворостанский т.б.)
Автор: a.aqan • Ноябрь 10, 2021 • Реферат • 2,495 Слов (10 Страниц) • 755 Просмотры
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
№1 семестрлік жұмыс
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні
Тақырып: XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар: мақсаты және қорытындылары (Ф.Шербина, П.Скрыплев, П.Хворостанский т.б.)
Мамандығы: ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА
Орындаған: Ақан Әнел Дастанқызы
Топ: ЭЭК-21-9
Тексерген: профессор – Байдильдина С.Ф
___________________ «___» ____________ 202__ж.
Жоспары:
1.Кіріспе
2. XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар мақсаты және міндеттері
3. Щербина экспедициясы
4. Скрыплев экспедициясы
5. Хворостанский экспедициясы
6. Еңбектері
7. Қорытынды
8.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе
ХIXҒ.аяғы мен XX ғ. Басы патша үкіметінің арнайы статистикалық-экономикалық және жергілікті ғылыми,қоғамдық географиялық экспедициялар ұйымдастыру арқылы Қазақстанды зерттеуімен сипатталды.Бұл кезең Ресей империясының экономикасында Қазақстан байлығы недәуір рөл атқара бастағаны көрінеді.Қыруар жер көлемі,шексіз табиғи байлығы,арзан жұмыс күші осының бәрі патша үкіметінің назарын аудармай қоймады.Шаруаларды қоныстандыру,әсіресе 1905-1907 жж. Революциядан кейін,яғни Стольпин реакциясы кезеңінде жеделдете түсті.Алайда экспедициялардың негізгі мақсаттарының осыншалық сұрқиялығына қарамастан олардың берген мәліметтері Қазақстанның маңызды территорияларын жүйелі түрде зерттеудегі алғашқы талпыныс болалатын.
Жалпы Қазақстан аумағында болған экспедиция жайлы айтылады.Қазақтарға тиген зардабы туралы т.б .ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы біз қарастырып отырған экспедицияның бағдарламасына тоқталар болсақ, 1896–1903 жж. Ф.А.Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мəселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: рулық бастама, шаруашылық ауылдардың тарихы, жерді пайдалану формасы, мал шаруашылығы, пішен шабу, жер өңдеу, бақташылық жəне бау егіп-өсіру, орман жəне тоғайлы жерлер, жерді жалға беру (аренда), өнеркəсіп жəне жалақы, алым салық жəне борышы, қырғыз отбасының ерекшелігі, ортақ шаруашылық істер, сауда, несие (кредит), халықтың қажеттілігі, табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет етеді.Тағы да басқа ақпараттар төменде жазылды.
2. XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар
XIX ғ. соңы-XX ғасырдың басы қазақ халқының тарихындағы аса күрделі және өзіндік ерекшеліктерге толы кезеңдердің бірі болды. Бұл екі ғасыр тоғысында Ресей империясы қазақ жерін пәрменді түрде отарлап, орыстандыру саясатын тереңдете түсті, сөйтіп қазақ елінің болашағына үлкен қауіп-қатер төндірді. Міне, осы қиын кезеңде қазақ халқының тарихынан, әлеуметтік-экономикалық ахуалынан, географиясы мен табиғатынан, рулық-тайпалық құрылымы мен шаруашылығынан құнды-құнды мәліметтер алу үшін түрлі статистикалық зерттеулер жүргізілген болатын.
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі елеулі. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырған.
[pic 1]
Олар түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болды. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарында болды.
...